Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай өтіп жатқан дүбірлі додада еліміздің әр өңірінен және Қырғыз Республикасынан келген 12 ақын сөз сайысына түсуде.

Айтыстың жүргізушісі – Аманжол Әлтай. Ал қазылар алқасына ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері – Жүрсін Ерман төрағалық етуде.
Айтысты Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Facebook-тағы ресми парақшасында тікелей эфирден тамашалай аласыздар!







