Айгерим Кошкарбековна 1984 жылы 14 қарашада Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында дүниеге келген.
2001-2005 жылдар аралығында Орта-Азиялық университетінде педагог-психолог мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2005–2006 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №16 орта мектеп— педагог-психологы болып бастаған.
2006–2007 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №11 орта мектебінің педагог-психологы;
2012–2014 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №29 балабақша — тәрбиеші;
2014–2024 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №43 орта мектебінің педагог-психологы;
2024-2025 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Облыстық психологиялық қолдау орталығы» — психологиялық жұмыс бөлімінің басшысы;
2025 ж. қыркүйек айынан – бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Облыстық психологиялық қолдау орталығы» — директордың орынбасары және директордың уақытша міндеттерін атқарушы лауазымдарын атқарған.







