• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Жекеменшік білім беру мекемелерін қаржыландыру тетіктері қайта қаралады

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты бағдарламалық сұхбатында берген тапсырмаларын орындау шеңберінде жекеменшік білім беру және медициналық ұйымдарды мемлекеттік қаржыландыру жүйесін реформалау жөнінде жиын өткізді.

06.01.2026
0
Жекеменшік білім беру мекемелерін қаржыландыру тетіктері қайта қаралады
20
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Үкімет жетекшісі Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктерінің алдына жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесіндегі теңгерімсіздіктерді жою міндетін қойды.

Жиында мемлекет сапалы және қолжетімді қызметтер көрсету бойынша міндеттемелерді өзіне алатыны және мекемелерде орын болмаған жағдайда жекеменшік ұйымда оқуға жан басына шаққандағы қаржыландыру қарастырылғаны атап өтілді. Десе де бұл мүмкіндікті теріс пайдалану деректері тіркеліп отыр. Субсидия көлемін көбейту мақсатында оқушылар мен мұғалімдердің жасанды легі туындауда, ал өз кезегінде бұл білім сапасына, сондай-ақ мемлекеттік шығындардың тиімді жұмсалуына теріс әсер етеді.

Премьер-министр жекеменшік білім беру ұйымдарына қатысты қымбат оқу ақысы мәселесін де атап өтті. Ол мемлекеттік бюджет «элиталық» мектептердің қызметін қаржыландыруға жұмсалмауы керектігін ерекше айтты. Мұндай мектептерде ата-аналардың төлемдері оқу процесін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қаржы министрі Мәди Такиев жеке мектептерге мемлекеттік тапсырыс беру тетіктерін қайта қарау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Осы мәселелерді шешу үшін жекеменшік мектептердің қаржыландыру процестері толық цифрландырылып, қызметтерге төлемдер келісім-шарттан бастап ақша төлеуге дейін есепке алынды.

OrtaBilim қызметінің биылғы 6 қаңтардағы мәліметтеріне сәйкес, e-Qazyna.kz веб-порталында 789 жеке мектеппен 78,7 миллиард теңге көлемінде қаржыландыру келісімдері жасалған. (2025 жылы – 845 мектеп). Сондай-ақ, бұрын қаржыландырылған 206 мекеме белгіленген талаптарға сай келмейді. Оқушылар мен мұғалімдерді жалған тіркеу және қосарланған есепке алу, рұқсат етілген жобалық қуаттан артық жүктеу және тағы басқа жағдайлар анықталды.

Аудит барысында төмендегідей алдын ала нәтижелер анықталды:

1 333 оқушының бір мектептен екінші мектепке 5-тен 12 ретке дейін көшуі;

64 жекеменшік мектепте оқушылардың саны жобалық қуаттан екі есе артық болуы;

2024 жылы 167 жеке мектептің салықтық есептілігінде кірістер көрсетілмеген. Ішкі мемлекеттік аудит қызметінің аумақтық департаменттері арнайы хат жіберіп, нәтижесінде мектептер 1,2 млрд теңге көлемінде салық төледі. Бүгінгі таңда 46 мектепте қарсы тексерулер жүргізілуде.

Келесі кезеңде мемлекеттік мектептер (6 887 мектеп), балалар бақшалары мен университеттер де цифрландырылатын болады. Бұл қадам білім беру қызметтерін бюджеттен қаржыландырудың барлық циклінде толық ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жиын барысында жекеменшік білім беру мекемелерін лицензиялау тәсілдерін қайта қарау мәселесі де қаралды.

Жеке ұйымдардың азаматтарға медициналық қызмет көрсетуі саласында тәртіп орнату мақсатында үкіметтік жұмыс тобы азаматтардан келіп түсетін өтініштерді қаперге ала отырып, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ-ның активтеріне талдау жүргізеді. Оның нәтижелері бойынша Қордың тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған шаралар қабылданады.

Жиын қорытындысы бойынша Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау, Қаржы министрліктеріне бір апта мерзімде аталған мәселелерді шешу бойынша нақты ұсыныстар енгізу тапсырылды.

Бұл жұмыстарды үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары Аида Балаеваға жүктелді.

@KZgovernment

Тегтер: білімҚР Премьер-МинистріҚР ҮкіметімедицинаОлжас Бектенов

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты