Сарысу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырысы аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ ұйымдастыруымен Республика күніне орай, аудандағы бірқатар ардагерлер түркі халықтарының тарихы астанасы болған Түркістанға саяхат жасады.
Сапар барысында келушілер Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесін, “Ұлы Дала Елі” мұражай — орталығын, “Керуен” сарай кешенін аралап, тарихи орындармен танысты. Ардагерлерге сапар рухани әсер сыйлап, ерекше көңілмен аралады: — Бүгінгі сапар Республика күніне орай ұйымдастырылып отыр. Тәуелсіз еліміздің рухани астанасы Түркістаннан барша сарысулықтарға жылы сәлемімізді жолдаймыз. Республика күні құтты болсын, — дейді ардагерлер.







