• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары СПОРТ

Келешек мектебінде алғашқы дзюдо залы ашылды

ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Халықаралық дзюдо федерациясы, Дзюдо федерациясы және Астанадағы «Жеңіс» дзюдо клубы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Келісім аясында Астана қаласындағы № 45-ші Келешек мектебінде оқушыларға арналған ең алғашқы мамандандырылған дзюдо спорт залы ашылды

15.12.2025
0
Келешек мектебінде алғашқы дзюдо залы ашылды
47
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Меморандумға қол қою шарасына Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев қатысты. Сондай-ақ Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF), «Жеңіс» спорт клубының жетекшілері, дзюдодан ұлттық құрама мүшелері, олимпиада және әлем чемпионаттарының жүлдегерлері Әбиба Әбужақынова мен Ғұсман Қырғызбаев қатысты.

Келешек мектептерінде оқушылар дзюдо элементтерін жас ерекшеліктеріне сәйкес және ерікті түрде үйренеді. Бұл спорт түріне көңіл бөлінуінің басты себебі мектепте балалардың көбірек қозғалуы маңызды. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спортты насихаттау, оны әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында дәріптеудің маңыздылығын ұдайы айтып келеді. Сол себепті біз орта білім саласында спорттың мазмұнына ерекше мән береміз. Оның ішінде, командалық спорт түрлеріне көңіл бөлінеді. Дзюдоны үйрету барысында алғашқы жылы балалардың қауіпсіздік ережелерін меңгеруі маңызды. Бұл спорт философиясы жастарды қарсыласты сыйлауға, төзімділікке, табандылық пен үйлесімді өмір сүруді насихаттайды. Бұл біздің тәрбиеге жақын. Спорт клиптік ойлау кезеңінде оқушыларды ұстамдылыққа үйретеді», -деді ҚР Оқу-ағарту министр Жұлдыз Сүлейменова.

«Мектептердегі дзюдо» бағдарламасы бүгінде әлемнің 40 елінде сәтті жүзеге асырылуда. Оның мақсаты балалар мен жасөспірімдер арасында дене шынықтыруды насихаттау, жас спортшыларды қолдау және оқушылар арасында зиянды әдеттердің алдын алу. Бүгінде ел аумағындағы 217 Келешек мектебіпте дзюдоны дамытуға басымдық берілуде. Кейіннен келешек мектептеріндегі бұл тәжірибе ел аумағындағы тағы 1000 мектепке таратылатын болады. Алдағы уақытта еліміздің барлық өңіріндегі жалпы білім беретін мектептерде дзюдодан мамандандырылған залдар ашу жоспарланып отыр. Халықаралық дзюдо федерациясы жаңа залдарды татамимен, барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етуге, дене шынықтыру мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға, әдістемелік қолдау көрсетуге әзір.

Шараға қатысқан туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов «Қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде көптеген секциялар мен жаттығу орталықтары табысты жұмыс істеп жатыр. Бүгін Халықаралық дзюдо федерациясымен бірлесіп жүзеге асырылып отырған «Мектептегі дзюдо» бағдарламасы аясында жаңа мамандандырылған залдың ашылуы – осы жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі. Бұл бастама балаларды ерте жастан спортқа баулуға, саламатты өмір салтын ұстануға, сондай-ақ болашақта ұлттық құрама сапын толықтыратын талантты спортшыларды анықтауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті.

«Мектептегі дзюдо» бағдарламасын Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы мен Халықаралық дзюдо федерациясымен бірлесіп жүзеге асыруда. Қазақстанда дзюдо спорты тұрақты дамып келеді. Елдос Сметовтің Париж Олимпиадасындағы жүлдесінен кейін жастар арасында спорттың бұл түріне қызығушылық артты. Қазіргі таңда елімізде дзюдомен шамамен 90 мың адам айналысады, ал спортшыларды даярлаумен 1300-ге жуық жаттықтырушы айналысады.

Тегтер: спорт

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты