«Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған іс-шараларды жүргізу» әлеуметтік маңызды жобасы аясында «Менің талым!» атты жас түлектер акциясы өтті.
Шараны Жамбыл облысы әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының тапсырысымен «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырды. Аталған акция № 43, 46, 47, 48, 35, 36, 14, 13, 16, 54 мектептерінің ауласында өтті. Тараз қаласы мектептерінің биылғы түлектері қатысқан тазалық жұмысының мақсаты жас ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, өз ағаштарын отырғызу арқылы қоршаған ортаны тазартуға, көгалдандыруға баулу болды. Акция барысында мектеп бітірушілері өздері оқитын мектеп ауласына жеміс талдарын отырғызып, бастауыш сынып оқушыларына алдағы уақытта оны күтіп-баптауды тапсырды. Сондай-ақ мектеп түлектері оларға бұл тек көгалдандыру ғана емес, ұрпақтар сабақтастық болып қалыптасатын тәрбиелік мәні бар іс екенін түсіндірді.
TURANINFO.KZ