• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
16.10.2026, 07:29
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Мойынқұм ауданында жас сайлаушылар клубының алғашқы форумы өтті

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының тапсырмасын орындау және жастардың арасында құқықтық мәдениет пен электораттық белсенділікті арттыру, олардың сайлау үдерістеріне қатысуға деген жауапкершілігі мен қызығушылығын қалыптастыру мақсатында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жанынан жаңадан құрылып, ережесі бекітілген жас сайлаушылар клубының алғашқы форумы аудандық мәдениет үйінің үлкен залында өтті.

Turan Redaktor Turan Redaktor
28.11.2025, 12:20
Жаңалықтар, Облыс жаңалықтары
Мойынқұм ауданында жас сайлаушылар клубының алғашқы форумы өтті
21
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Клубтың мақсаты – жастарды сайлау процесін тәжірибелік зерттеуге тарту, белсенді азаматтық ұстаным мен сайлауға қатысу дағдыларын дамыту болып табылады. Клуб қызметі шеңберінде оқыту семинарларын, іскерлік ойындар, сайлау комиссияларының өкілдерімен кездесулер өткізу, сондай-ақ түрлі акциялармен іс-шараларға қатысуды жоспарлап, оған қатысуды ұйымдастырады.

Ал форумның негізгі мақсаты – сайлауға қатысу белсенділігін арттыру, азаматтың жауапкершілігін нығайту және ел болашағына бейжай қарамай, өз үнін білдіру, шақыру. Форум жастардың сайлау процесі жөніндегі білімін арттыру, олардың құқықтық сауаттылығын күшейту, сайлау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ жас буынның сайлау науқандарына белсенді әрі саналы түрде қатысуына жағдай жасау бағытында еркін форматтағы ашық пікір алмасуды көздейді.

Форумға аудан әкімі Ермек Амангелдіұлы Карентаев, Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Мейіржан Ермекбайұлы Сембеков, Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сержан Қалқаманұлы Сәдуақасов, Жастар ресурстық орталығыныңдиректоры, жас сайлаушылар клубының төрағасы Мәди Жәнібекұлы Күнту, аудан орталығындағы білім ордалары мен мекемелердің, ауыл, ауылдық округтердің әкімдері мен жастар ісі жөніндегі мамандары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Форумды аудан әкімі Ермек Амангелдіұлы Карентаев ашып, форум жұмысына сәттілік тіледі.

− Сайлау − әр азаматтың ең маңызды конституциялық құқығы, әрі мемлекеттің даму бағытын айқындайтын шешуші қадам. Сондықтан сіздермен бүгінгі кездесу өте өзекті әрі маңызды.

Бүгінгі форумның мақсаты − жастардың саяси сауаттылығын арттырып, сайлауға деген қызығушылығын күшейту. Бұл − Мемлекет басшысы қолға алып жатқан саяси жаңғыру реформаларымен тікелей байланысты. Президентіміз ұсынған жаңа өзгерістердің барлығы сайлау жүйесінің ашықтығын, әділдігін, қоғаммен кері байланыстың күшеюін көздейді. Демек, жаңа реформалар – сіздердің дауыстарыңыздың шынайы естілуіне мүмкіндік беретін маңызды қадам. Құрметті жастар! Сайлау − жай ғана бюллетень салу емес.

Бұл − өз таңдауың арқылы елдің болашағына ықпал ету. «Менің дауысым маңызды» деген түсінік тек ұран болмауы керек, ол – әр азаматтың ішкі ұстанымы.

Құрметті форум қатысушылары!

Осындай бастамалардың аясында саяси сауаты жоғары, қоғам өміріне бей-жай қарамайтын, жауапкершілігі мол жаңа буын қалыптасады деп сенемін. Сіздерге бүгінгі кездесуден мол серпін, ерекше ой, жаңа бағыт алуға тілектеспін. Баршаңызға белсенділік тілеймін!,-деді аудан басшысы.


Келесі кезекте Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Мейірбек Ермекбайұлы Сембеков сөз алып, жас сайлаушылар клубының мақсаты мен міндеттеріне жалпы сайлау деген не, ол қалай өтеді, сайлаушылардың қоғамдағы аса маңызды процес
с сайлаудың ерекшелігі, жас сайлаушылардың сайлау барысындағы әрекеттері жайында сөз қозғады. Мұнан кейін сөз алған аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сержан Қалқаманұлы Сәдуақасов Жас сайлаушылар клубын құрудағы негізгі мақсат, оның құрамы, атқаратын қызметі жайында айтып өтті. Содан соң сөз тізгінін алған Жастар ресурстық орталығының директоры, жас сайлаушылар клубының төрағасы Мәди Жәнібекұлы Күнту жастардың аудандық мәслихат депутаттары корпусындағы белсенді жұмысы жайында, аймақтың саяси процесіндегі өркендеуі туралы айтып өтті.

Ал «Нұр-бала» шағын орталығының жетекшісі Әсел Мейрамбекқызы Дүйсекеева аудан бойынша психоневрологиялық аурулары тірек-қимыл аппараты бұзылған 4 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға мәдени-бұқаралық іс-шаралармен білім беру курстарын ұсыну бойынша өзінің ой-пікірлерімен бөлісті.

Жас сайлаушылар клубының мүшесі Сәкен Теміржанұлы Сағадин Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының «JASSTAR» мектеп парламенті жастар арасындағы жұмыстарды баяндап, жастарды сайлау процесін тәжірибелік зерттеуге тарту, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, сайлауға қатысу дағдылары мен патриоттық сананы дамыту бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар баяндамашыларға жиынға қатысушылар тарапынан «Сайлауға 18 жасқа толмаған жастардың қызығушылығы не үшін маңызды?», «Жастар сайлау процесі туралы дұрыс ақпаратты қайдан алады?», «Жас сайлаушылар клубы қандай рөл атқарады?», «Клубқа қалай кіруге болады?» деген сұрақтар қойылып, оған толыққанды жауап берілді.

Форумның мәдени бөлімінде аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының орындауында патриоттық әндер шырқалып, сайлау туралы қойылым көрсетілді.

Форумда жас сайлаушы жастардың партия жұмысына қатысуы – олардың азаматтық ұстанымының көрінісі туралы және орта білім беру ұйымдарының ауданымыздағы өзін-өзі басқару мектеп парламенттерінің үздік жастары сөз сөйледі.

Қызылорда қаласында өткен байқауда Үздік презентация номинациясын жеңіп алған Жамбыл мектеп-гимназиясы мектеп парламенті мүшелерінің ән шырқауы жиынға қатысушылардың рухын көтеріп, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Форумда жас сайлаушылар клубының жұмысын ұйымдастыру мен өткізу барысында жоғары белсенділік танытқаны үшін Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының, М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінің, Т.Рысқұлов атындағы тірек мектебінің мектеп парламенттерін аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының Алғыс хатымен марапаттады. Форумның аяқталу сәтінде аудандық мәдениет үйінің әншісі Қасымжан Сағадинұлы Сәденов патриоттық бағыттағы «Атамекен» әнін шырқап, форумға қатысушыларды ерекше бір сезімге бөледі. Жиынға қатысушылар бұл әнді орындарынан тұрып тыңдады.

Форумның соңында 150-ге жуық қатысушы өздерінің ойлары мен пікірлерін құпия түрде жүргізілген сауалнама арқылы білдірді.

Жолдыбай ДӘМЕТОВ,

«Мойынқұм таңы».

Тегтер: FORUMЖамбыл облысыжастарМойынқұм ауданыСАЙЛАУ
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51
Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

14.10.2026, 23:41
Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37
8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

14.10.2026, 13:41
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Берекелі отбасы – берік қоғам» іс-шарасы өтті

15.10.2026, 19:45

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

14.10.2026, 23:41

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.