• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Қанат Бозымбаев өңірлердің қысқы маусымға дайындығын тексерді

Қанат Бозымбаев өңірлердің қысқы маусымға дайындығын және көктемгі су тасқыны қаупі жоғары кезеңге қатысты қабылданып жатқан шараларды тексерді

30.10.2025
0
Қанат Бозымбаев өңірлердің қысқы маусымға дайындығын тексерді
21
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Экология және табиғи ресурстар, Су ресурстары және ирригация, Жасанды интеллект және цифрлық даму, Төтенше жағдайлар, Көлік министрліктері мен Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп берді. Ел бойынша су басу қаупі бар 1242 елді мекен анықталды. Инженерлік жұмыстар жоспары 800-ден астам іс-шараны қамтиды, соның ішінде 557-сі орындалды, қалғаны жүргізілу сатысында. Өңірлерде 666 шақырымға жуық қорғаныс бөгеттері мен біліктері салынып, жөнделіп, нығайтылды. 356 шақырым дренаж жүйесі жөнделіп, жаңадан салынды, 220 шақырым арна мен арық ретке келтірілді. Қауіпті аймақтарда 400 шақырымнан астам өзен жағалауларын бекіту, арналарды тереңдету және түзеу жұмыстары атқарылды. Қолданыстағы 31 маусымдық гидробекетке қосымша, су тасқыны қаупі жоғары учаскелерде тағы 32 деңгей өлшейтін бекет орнатылады. Қаңтар-наурыз айларында қар жамылғысындағы ылғал қорын анықтау үшін қар өлшеу жұмыстары жүргізіледі. Өзен алаптары бойынша, соның ішінде трансшекаралық өзендерде гидрологиялық болжамдар жасалды. Негізгі өзендерде батиметриялық зерттеу және топографиялық түсірілімдер жүргізілуде. Tasqyn ақпараттық жүйесінің интерфейсі жаңартылып, дерекқоры толықтырылуда. Барлық су қоймалары бекітілген жұмыс тәртібі бойынша пайдаланылуда. Елді мекендерге жақын орналасқан өзендердің 800 шақырымнан астам учаскесінде арналарды тазарту және ретке келтіру жұмыстары жоспарланған. Республикалық маңызы бар автожолдарда күрделі және орташа жөндеу аясында 227 су өткізу нысаны орнатылды, жыл басынан бері 200-ден астам су өткізгіш құбыр салынды, тағы 169-ының құрылысы жалғасуда. Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында 5 көпірге күрделі жөндеу жүргізілді. Алдын ала болжам бойынша, алдағы қыс қалыпты жылы болады деп күтілуде, жауын-шашын мөлшері ел аумағының басым бөлігінде климаттық нормадан аспайды. Алайда «температуралық ауытқулар» нәтижесінде қар қабатында мұзды қыртыс түзілуі мүмкін, бұл өз кезегінде су тасқыны жағдайын қиындатуы мүмкін. Қанат Бозымбаев барлық дайындық жұмыстарын қыс түскенге дейін толық аяқтауды тапсырды. Әкімдерге – жағдайды жеке бақылауда ұстауды, Төтенше жағдайлар министрлігіне – су тасқыны қаупі жоғары өңірлерге барып, жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын тексеруді жүктеді. Су ресурстары және ирригация министрлігіне су қоймаларын тұрақты бақылауда ұстап, тасқын суларды қабылдауға жеткілікті бос көлемнің болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ көршілес елдермен трансшекаралық өзендердегі су ағымдары бойынша деректер алмасуды жүйелі түрде жүргізуді тапсырды.

Үкіметтің баспасөз қызметі

Тегтер: БОЗЫМБАЕВ ҚАНАТжылыту маусымыҚР Үкіметі

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты