• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Т.Рысқұлов ауданында газ реттеу станциясының құрылысы жүргізіледі

15.03.2017
0
Т.Рысқұлов ауданында газ реттеу станциясының құрылысы жүргізіледі
295
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ерік Көшербаев мәлімдеді.
Оның берген ақпаратына сүйенсек, Жамбыл облысында 377 елді мекен орналасқан. Оның ішінде магистралдық газ құбырынан 50-100 шақырымнан алыс орналасқандықтан 56 елді мекен газдандырылмайды. 2008 жылы тауарлық газды тұтынатын елді мекендердің саны 48-ді құраса, бүгінгі күнге газдандырылған елді мекендер саны 178-ге жетті, немесе 55,5 пайыз. Бұл дегеніміз 8 жыл ішінде 130 елді мекен газдандырылды.
2017 — 2025 жылдарға дейін 150 елді мекендерді «Өңірлерді дамыту бағдарламасы» аясында газдандыру жоспарланған. Оның ішінде Қордай ауданы 29 е.м., Жамбыл ауданы 13 е.м., Жуалы ауданы 22 е.м., Байзақ ауданы 21 е.м., Шу ауданы 18 е.м., Т. Рысқұлов ауданы 16 е.м., Талас ауданы 9 е.м., Меркі ауданы 5 е.м., Мойынқұм ауданы 3 е.м. және Сарысу ауданы 14 елді мекен енгізілген. Барлығы: 150 е.м.
Оның ішінде 5 ауданның 64 елді мекенін газдандыру (Талас – 8, Сарысу – 4, Байзақ – 21, Шу – 18, Жамбыл – 13) және Тараз қаласындағы, қауіпсіздік талабына сәйкес келмейтін ГРС-1 мен ГРС-2 газ реттеу станцияларын қала сыртына шығару мақсатында 2017 жылы облыстық бюджеттен 449,813 млн. теңге бөлініп, жобалық сметалық құжаттар дайындалуда, — деді спикер.
Сонымен қатар облыстық бюджеттен 449,074 млн. теңге бөлініп, Т.Рысқұлов ауданында Ақыртөбе газ реттеу станциясының құрылысы жүргізіледі. Қазіргі уақытта мердігер анықталуда.
Республикалық бюджеттен 623,9 млн. теңге бөлініп (ОБ – 61,3 млн. теңге), Тараз қаласының Шөлдала тұрғын алқабына газ жеткізу құбырының құрылысы наурыз айының ортасында басталады (19 мың тұрғын, 11 бюджеттік мекеме). Құрылыс уақыты 4 ай, медігері «Монолит дизайн» ЖШС.
Газ саласында айта кететін бір өзекті мәселе Меркі ауданындағы «Нововоскресеновка» газ реттегіш станциясының құрылысы. Құрылысқа қажетті 746,8 млн. теңгенің 70,0 млн. теңгесі облыстық бюджеттен бөлініп, жұмыс басталды. Дегенменде, жобаны толық аяқтау үшін республикалық бюджеттен 676,8 млн. теңге қажет. Осы қаржыны 2017 жылғы бюджетті нақтылау кезінде республикалық бюджеттен бөлуді сұранып, энергетика министрлігіне өтінім жолданды.
Сондай-ақ брифингте, Сарысу ауданы Жаңатас қаласы маңындағы Еврохим минералды тыңайтқыш зауыты құрылысын газдандыру мақсатында, ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің бірлескен бұйрығымен «ҚазТрансГаз» АҚ 2016-2020 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы аясында, құрылысқа қажетті қаржы газ тасымалдау тарифіне енгізіліп, бекітілген.
«Шаян – Еврохим – Жаңатас» магистралдық газ құбыры құрылысының жобалық-сметалық құжатын дайындау жұмысын қаржыландыру мақсатында «ҚазТрансГаз» АҚ тарапынан 2016 жылы 108,4 млн. теңге бөлінді. Жобалық-сметалық құжаттаманың орындаушысы «КАТЭК» ЖШС. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжат сараптамадан (экспертизадан) өтуде, аяқталу мерзімі 2017 жылғы наурыз айының бірінші жартысы. Сараптамаға ұсынған жобада қарастырылған газ құбырының жалпы ұзындығы 98,3 шақырым, құрылыс құны 9,6 млрд. теңге. Бұл сараптама қорытындысына дейінгі есеп бойынша.
Еврохим минералды тыңайтқыш зауытының құрылысы 2019 жылдың басында аяқталып, іске қосылады деп жоспарлануда. Осы себептен «ҚазТрансГаз» АҚ магистралдық газ құбырының құрылысын 2018 жылдың басында қолға алып, жылдың аяғында іске қосуды жоспарлауда, — деп хабарлады Ерік Көшербаев.
Осы жоба іске асырылған жағдайда, Сарысу ауданының 25 елді мекені газдандырылады, 39539 тұрғын, 155 кәсіпорын мен ұйымдар, оның ішінде 21 білім беру мекемелері мен 10 балабақша және 13 денсаулық сақтау нысаны экологиялық таза тауарлық газды пайдаланып, әлеуметтік, экологиялық жағдайы жақсарады. Кіші және орта бизнес өркендейді, жаңа жұмыс орындары ашылады, ауылдан қалаға көшу тоқтайды және тұрғындар жайлы өмір сүруге қол жеткізеді, — деп ӨКҚ өткен брифингте басқарма басшысы айтты.

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

10.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты