• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ға көтерді

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 18% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.

10.10.2025
0
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау
17
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Инфляцияның күшеюі, сұраныстың ұсыныстан асып түсуі және белсенді фискалдық саясат аясында ақша-кредит шарттарының жұмсаруы бағаның шектен тыс өсуіне қауіп туғызды. Осыған байланысты инфляцияның динамикасын тұрақтандырып, бағаның бақылаудан шығуына жол бермеу үшін шешімді қадам жасауға тура келді.

Барлық негізгі метрика бойынша инфляцияның өскені байқалды. Жылдық инфляция қыркүйекте 12,9%-ға дейін қарқын алып (тамызда – 12,2%), Ұлттық Банктің болжамынан асып түсті. Азық-түліктің жекелеген санаттары қарқынды түрде қымбаттап келеді. Бұл өндіріс шығындарымен және импорт құнының өсуімен байланысты. Сонымен қатар сервистік инфляция да (15,3%) реттелетін қызметтердің (30,4%), сондай-ақ бірқатар нарықтық қызметтердің қымбаттауы есебінен айтарлықтай үлес қосты. Жанар-жағармай нарығын ырықтандыру шараларын жалғастыру аясында азық-түлікке жатпайтын инфляция қарқын ала бастады (10,8%) – отын бағасы бір жылда 11,9%-ға қымбаттап, қыркүйекте 3,4%-ға өсті.

Айлық инфляция 1,1%-ға дейін жеделдеді (тамызда – 1,0%). Базалық және маусымдық факторлар ескерілмеген инфляцияның көрсеткіштері де тиісінше 1,2%-ға (бұған дейін 1,1%) және 1,3%-ға (бұған дейін 1,2%) дейін айтарлықтай жоғарылады. Мұндай динамика инфляцияның тұрақты сипатын және баға динамикасындағы қайталама әсердің біртіндеп біліне бастағанын көрсетеді.

Халықтың инфляциялық күтулері 12 ай кезеңінде жоғары және құбылмалы болып, бағалаудағы белгісіздік сақталып қалды. Нарықтағы кәсіби қатысушылардың биылғы жылға арналған инфляциялық күтулері 11,3%-дан 12%-ға дейін өсті.

Сыртқы инфляциялық әсер әлі сақталып отыр. Сонымен бірге, ең алдымен, әлемдік азық-түлік нарықтары жағынан тәуекел күшейе түсті. Соңғы жылдары ет пен өсімдік майы санаттарында баға жағынан рекордтық өсім байқалды. Олардың динамикасы белсенді ішкі экспорт жағдайында ішкі бағалардың өсуіне әсер етеді.

Ресей Федерациясындағы инфляция салыстырмалы түрде жоғары болып қалғанымен, оның баяулау белгілері байқалады. ЕО-да инфляция – орнықты. ЕОБ баға динамикасы мен экономикалық белсенділіктегі белгісіздікке байланысты мөлшерлемені өзгертпей, үзіліс ұстап тұр. АҚШ-та ФРЖ бірқалыпты инфляциялық қысым мен макроэкономикалық белгісіздік жағдайында жұмыспен қамтуды қолдау үшін мөлшерлемені төмендетуге көшті.

2025 жылғы қаңтар-тамыз айларындағы экономиканың өсуі жылдық мәнде 6,5%-ға дейін жеделдеді (2024 жылғы ұқсас кезеңде – 3,7%). Өсудің жоғары қарқыны көлік және қоймада сақтау (+21,5%), құрылыс (+18,1%) пен сауда (+8,9%) саласында, сондай-ақ тау-кен (+9,6%) және өңдеу өнеркәсібінде (+6,5%) сақталуда.

Өсім бюджеттік экспансияға және ішкі тұтынуға тәуелді секторларда шоғырланып тұр. Сұраныстың ұсыныс мүмкіндіктерінен асып түсу белгілері күшейіп, импорттың тиісінше өсуіне алып келіп отыр. Қосымша динамиканы белсенді тұтынушылық несиелеу мен жоғары инфляциялық күтулер берді.

Проинфляциялық тәуекелдер негізінен ішкі факторлармен қалыптасады және ең алдымен орнықты түрдегі жоғары ішкі сұраныспен, тарифтік реформаны іске асыруға және жанар-жағармай нарығын ырықтандыруға байланысты қайталама әсердің білінуімен, сондай-ақ ҚҚС қоса алғанда, салық реформасының проинфляциялық ықпал етуімен негізделеді.

Инфляцияның айтарлықтай жеделдеуі, жоғары инфляциялық күтулер мен нақты тиімді айырбастау бағамының әлсіреуі жиынтық ақша-кредит шарттарының елеулі түрде жеңілдеуіне және болжамды инфляцияның орнықты төмендеу траекториясынан ауытқуына алып келді.

Осы жағдайларда, инфляцияның нақты деңгейі болжамнан асып түскеніне байланысты ақша-кредит саясатын қатаңдату мақсатында Комитет базалық мөлшерлемені арттыру туралы шешім қабылдады.

Алтын-валюта операцияларын теңдестіру, ЕТРТ-ны өзгерту, микро және макропруденциялық шектеулерді енгізу шараларымен бірге бұл шешім инфляциялық динамика мен күтулерді тұрақтандыруға, теңгедегі активтердің құнын ұстап тұруға және инфляция қарқынының арту тәуекелдерін болдырмауға бағытталған.

Ұлттық Банк проинфляциялық және дезинфляциялық факторлардың теңгерімін, инфляцияның баяулау динамикасы мен траекториясын мұқият бағалауды жалғастырады. Қазіргі қатаңдық деңгейі инфляцияны тұрақтандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда, қосымша қатаңдату қажеттілігі қарастырылады.

Базалық мөлшерлеме бойынша бұдан кейінгі шешімдер нақты деректер және баға тұрақтылығы үшін тәуекелдерді бағалау ескеріле отырып қабылданатын болады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2025 жылғы 28 қарашада Астана қаласының уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.

Ұлттық банк

Тегтер: Базалық мөлшерлемеИнфляцияұлттық банкэкономика

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты