• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жаңа заң – жаңашылдыққа бастайды

11.03.2017
0
Жаңа заң – жаңашылдыққа бастайды
226
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Елбасы үндеуіндегі Конституциялық реформаны талқылау қорытындыларын шығаруға арналған республикалық бірыңғай күні аясында Достық үйінің мәжіліс залында Азаматтық қоғам институттарының отырысы өтті.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесі ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шараға облыс ассамблеясы құрылымдарының төрағалары мен мүшелері, облыстық ардагерлер, қоғамдық кеңестердің, ақпараттық топтардың мүшелері, мәслихат депутаттары мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Басқосуды ашып, төрағалық еткен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Маржан Қожаева ағымдағы жылдың 25 қаңтарындағы Мемлекет басшысының Үндеуінде президенттік өкілеттігінің кейбір функцияларын Үкімет пен Парламентке беру жөнінде ұсыныс айтқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ Елбасы Үндеуді жан-жақты талдауға, жұмыс комиссиясына ұсыныстар беруге шақырғанын, бұл бағытта аймақта 3000 аса адамның қатысуымен 26 кездесу өткенін де тілге тиек етті.
– Үндеуде ұсынылып отырған саяси өзгерістер болашағымызды тұғырлы, елдігімізді берік ететіні сөзсіз. Бұл тәуелсіз мемлекетіміздің демократиялық бағытта өсіп-өркендеп келе жатқандығының көрінісі. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы күшті президенттік вертикаль бізге мемлекетті қалыптастыруда кездескен қиындықтарды еңсеру үшін қажет болды. Осының нәтижесінде қазіргі таңда көп жетістіктерге қол жеткізілді. Ұлт көшбасшысы осы жетістікпен тоқтап қалмай, саяси жүйені одан әрі демократияландыру қадамын жасап отыр. Мұның өзі мемлекетті басқару жүйесінің тиімділігін барынша арттырып, еліміздің әлем алдындағы беделін бұрынғыдан да жоғарылата түсетіндігі сөзсіз, – деді Маржан Төреғұлқызы.
Мұнан соң сөз тізгінін алған «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ облыстық филиалының төрағасы Қасымхан Төлендиев Президенттің бастамасымен құрылған Мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі жұмыс тобы бір айға жуық жұртшылықтан түскен ұсыныстарды саралап, Парламенттің алдына заң жобасын ұсынғанын айтып, парламент екі оқылымда талқылағаннан соң ««Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдағанын мәлім етті. Сондай-ақ М.Х.Дулати атындағы ТарМУ «Халықаралық және конституциялық құқық» кафедрасының аға оқытушысы Асқар Қадырқұлов өзгерістерге сәйкес, енді террорлық әрекетке қарсы заң қатаңдатылғанын жеткізді. Ал облыстық мәслихат депутаты, «Бірлік» депутаттық тобының жетекшісі Абай Нұржанов Конституциялық реформаға енген өзгеріс бойынша парламеттің рөлі күшейгенін алға тартып, мәжілістің Үкіметті жасақтаудағы пәрмені артып, Үкімет пен оның мүшелерінің қызметін бақылауда өкілеттігі кеңейе түсетіндігін түсіндірді.
– Президенттің бастамасымен құрылған Мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі жұмыс тобы бір айға жуық жұртшылықтан түскен ұсыныстарды саралап, Конституциялық кеңесте мақұлданған болатын. Парламент екі оқылымда талқылағаннан соң ««Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдады. Сөйтіп, Заңға Мемлекет басшысының қол қойды. Сондықтан бұл өзгерістер еліміз үшін аты алытн әріппен жазылатын елеулі оқиғалардың бірі. Біз бейбіт, демократиялық елде өмір сүріп жатырмыз. Мемлекет басшысы бұл өзгерісті енгізбестен бұрын халықтың талқылауына салды. Ол талқылау өз нәтижесін берді. Егемендік алған тұста Елбасы бірінші экономика, екінші саясат деген болатын. Бүгінде экономикамыз өркендеді. Және әлемдік саясатқа да араласа бастадық. Сол себептен, Конституциямызға да өзгеріс керек болды. Аталған өзгерістерге сәйкес Елбасы өзінің біршама өкілеттігін Парламент пен Үкіметке берді. Осының нәтижесінде енді Парламент пен Үкімет жұмыстарын дербес атқаратын болады, – дейді облыстық ардагерлер кеңесінің хатшысы, облыстық «Ғұмыр-Дария» газетінің бас редакторы Жаңабай Миллионов.

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

10.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты