Сарысу ауданы ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен «Жамбыл облысы жаста ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ ұйымдастыруымен Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласында жас мамандар мен ауыл тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында «Біз біргеміз: «Өмірді бірге бағалайық» атты спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Шара аясында шахмат және бильярд турнирлері өткізілді.
Бильярд сайысына 20 спортшы қатысып, Самал ойын залында тартысты бәсеке өрбіді. Нәтижесінде:
І орын – Айдарбеков Ислам
ІІ орын – Көпбаев Әділетжан
ІІІ орын – Исмайлов Мақсат иеленді.
Ал шахмат бәсекесі Алтын белгі қосымша білім беру орталығында өтті. Сайыста 28 қатысушы өз бақтарын сынап, зияткерлік ойында үздіктер анықталды:
І орын – Баймырза Жалғас
ІІ орын – Бектібай Саида
ІІІ орын – Нақыпжанқызы Ақжүніс жеңіп алды.
Үздік ойын үлгісін көрсетіп, жеңіске жеткен қатысушылар «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ атынан мақтау қағазымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Аталған шара ауыл жастары мен тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттап, спортқа деген қызығушылықты арттыруға септігін тигізді.







