Байзақ ауданынының жаңа әкімі тағайындалды.
Жамбыл облысы әкімінің №66-ө өкімімен бұл қызметке Рахматілда Сегізбайұлы Рахманбердиев тағайындалды.
Рахманбердиев Рахматілда Сегізбайұлы 1956 жылы туылған, білімі жоғары, 1979 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «Экономист» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1979 жылы Луговой ауданы Луговой жылқы зауытында аға экономист болып бастаған. 1981-1983 жылдары Луговой жылқы зауыты комсомол комитетінің хатшысы, 1983-1987 жылдары Жамбыл облыстық комсомол комитетінің лекторлық топ меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, 1987-1991 жылдары Қазақстан Компартиясы Жамбыл облыстық комитетінің лекторы, консультанты, 1991-1994 жылдары «Тараз» сыртқы экономикалық ассоциациясы контрактілік басқармасының менеджері, бастықтың орынбасары, 1994-1996 жылдары «Жамбыл-импекс» ассоциациясының бас директоры, 1996-1997 жылдары «Арнабол» ЖШС-нің бас директоры, 1997-1998 жылдары Луговой аудандық экономика басқармасының бастығы, 1998-2006 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары, 2006-2010 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2010-2011 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы, 2011 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары, 2011-2013 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. Соңғы қызметі Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы.