Ақпан айының 1-6 аралығында Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңес мүшелерінен құрылған 3 ақпараттық-насихаттық топ Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуі мен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауы бойынша Жамбыл, Байзақ, Жуалы аудандарының жұртшылығы арасында 950-ден астам адам қатысқан 17 кездесу өткізіп, халықтың көңіл-күйіне, тыныс тіршілігіне үңіліп, ұсыныс-пікірлерін, талап-тілектерін зерделеп қайтты. Түсіндірме жұмысы жалғаса береді.
Фэйсбук әлеуметтік желісіндегі Жандар Карибаев аккаунтынан алынды.