• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

КӘСІПОДАҚТЫҚ ДЕСАНТ: ҚҰС ФАБРИКАСЫ ЖҰМЫСШЫЛАРЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЫ КҮНТӘРТІБІНДЕ

18 сәуір күні Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының (ҚРКФ) «Кәсіподақтық десант» акциясы аясындағы жұмыс сапары жалғасып, Жамбыл облысы Мырзатай ауылында орналасқан «Әулие-Ата Феникс» ЖШС құс фабрикасының еңбек ұжымымен кездесу өтті.

23.04.2025
0
КӘСІПОДАҚТЫҚ ДЕСАНТ: ҚҰС ФАБРИКАСЫ ЖҰМЫСШЫЛАРЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЫ КҮНТӘРТІБІНДЕ
71
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Бұл кәсіпорын – аймақтағы агроөнеркәсіптік саланың жетекші өкілдерінің бірі, құс етін терең өңдеуге маманданған.

ҚРКФ төрағасының орынбасары Қайрат Айбосынов бастаған делегация құрамында Федерацияның құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры Тимур Нұғманов пен еңбек қауіпсіздігі және еңбек дауларын алдын алу бөлімінің жетекшісі Марат Имаш болды.

Кәсіпорынның қызметі туралы делегаттарға фабрика директоры Аида Жүнісова баяндап, өндірістік цехтарды және шығарылатын өнім түрлерін таныстырды. Оның айтуынша, құс фабрикасы 2016 жылы іске қосылған. Жобаның жалпы құны 2 миллиард теңгеден асады. Кәсіпорын жылына 8 мың тонна бройлер еті өндіріп, ішкі нарықпен қатар Ресей мен Қырғызстанға экспорттауда. 2024 жылы кәсіпорын қосымша 6 құс өсіру нысанын салуды бастап, жылдық қуатын 12 мың тоннаға жеткізуді көздеп отыр.

Аида Жүнісова кәсіпорын мен кәсіподақ ұйымының өзара байланысына да тоқталып өтті. Оның айтуынша, кәсіподақ кадрлық және әлеуметтік мәселелерді шешуде маңызды серіктес ретінде танылып отыр.

– Кәсіпорында тұрақты әрі қолайлы еңбек жағдайы қалыптасқан. Бұл – тек әкімшілік емес, сонымен қатар кәсіподақтың да еңбегі. Біз бірге жұмыс істеп, ұжымдағы ынтымақты, мотивацияны және қауіпсіз жұмыс ортасын қамтамасыз етеміз, – деді фабрика директоры.

Онымен келіскен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Қайрат Сейдебаев та кәсіподақ комитетінің атқарған жұмыстарын баяндады.

– Соңғы екі жылда біз көптеген жетістікке қол жеткіздік. Жеткізілген барлық ұсыныс басшылық тарапынан ескерусіз қалған жоқ. Біз тек мәселені тіркеп қоймай, оны нақты шешуге тырысамыз, – деді ол.

Оның айтуынша, кәсіпорында 247 адам жұмыс істейді. Орташа жалақы – 214 мың теңге. Бастауыш кәсіподақ ұйымы «YNTYMAQ» Қазақстандық шағын және орта бизнес қызметкерлері салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің құрамына кіреді. Өткен жылы жұмыс беруші мен жұмысшылар арасында 2024–2026 жылдарға арналған жаңа ұжымдық шарт жасалған.

Еңбек қауіпсіздігіне тоқталған Қайрат Сейдебаев өндірістік кеңес пен техникалық инспекторлардың еңбек жағдайларын бағалауға белсенді қатысатынын атап өтті. Анықталған заңбұзушылықтар жедел түрде жойылады.

Кездесу барысында ҚРКФ төрағасының орынбасары Қайрат Айбосынов кәсіпорын басшылығына және кәсіподақ ұйымына әлеуметтік әріптестікті тиімді дамытудағы еңбектері үшін алғыс білдіріп, тікелей диалогтың маңыздылығына назар аударды.

– Қазіргідей уақытта халыққа жақын болу – аса маңызды. Біз есеп үшін емес, жұмысшылардың шынайы пікірін есту үшін келеміз. Дәл осындай кездесулерде нақты мәселелер мен шешім жолдары айқындалады, – деді Қайрат Бейсенбайұлы.

Сондай-ақ ол кәсіподақ федерациясының басты жұмыс бағыттарын атап өтіп, еңбек қауіпсіздігі мен қоғамдық бақылау институтын дамытудың маңызын жеткізді.

– 2024–2030 жылдарға арналған «Қауіпсіз еңбек» тұжырымдамасы – бұл жай құжат емес, еңбек жағдайын жүйелі жақсартуға арналған нақты іс-шаралар жиынтығы. Кәсіподақтардың бұл құжатты әзірлеуге қатысуы – жұмысшылар мүддесінің басты назарда екенін көрсетеді. Біздің ұстаным – үздіксіз даму, ашық бақылау, оқыту және алдын алу, – деді ол.

Сонымен қатар, Қайрат Айбосынов 2024 жылы салалық деңгейде техникалық инспекторларды оқыту басталғанын, техникалық инспектор туралы үлгілік ереже бекітілгенін және ел бойынша 200-ден астам кәсіпорынды қамтыған «Халықтық бақылау» жобасының жалғасып жатқанын еске салды.

Ашық диалог форматында өткен кездесуде жұмысшылар санаторлық емге қолжетімділік, құқықтық қолдау, қосымша білім алу мүмкіндіктері сынды мәселелерді көтерді.

– Егер ұсыныстар ұжымнан туындаса, біз оларды әрқашан қарастыруға және қолдауға дайынбыз. Бұл – кәсіподақтың басты мақсаты. Ең бастысы – үнемі байланыста болып, бірге әрекет ету, – деді Қайрат Айбосынов.

Кездесу соңында кәсіпорынның бірқатар қызметкерлері жоғары еңбек көрсеткіштері мен кәсіподақ белсенділігі үшін марапатталды.

ФПРК-ның «Еңбек озаты» медалімен кәсіпорынның бас директоры Аида Жүнісова марапатталса, «Кәсіподақтардағы белсенді жұмысы үшін» медалі еңбек қауіпсіздігі инженері әрі кәсіподақ төрағасы Қайрат Сейдебаевқа табысталды. Сонымен қатар, ФПРК Құрмет грамотасына бройлер цехының әкімшісі Турсункүл Абжанова, құс сою және өңдеу бөлімінің технологы Гүлфира Қасымова және дайын өнімдер орталық қоймасының меңгерушісі Айгерім Қойшығұлова ие болды.

Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік ақпараттық тапсырыс негізінде жарияланды

Тегтер: Жамбыл облысыКәсіподақ

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты