Тез арада ТЖМ «РЖҚЖ» жедел тобы шақырту орнына шыққан.
«Құтқарушылар теңіз деңгейінен 3010 метр биікте адасып қалған жасөспірімдерді тауып, көмектесті. Құтқарушылар оларды таудан түсіріп, полиция қызметкерлерімен бірге ата-аналарына тапсырды. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ», — деп жазылған хабарламада.
Жасөспірімдердің ата-аналары құтқарушыларға алғыс білдірді.