Аппараттық жиналыстың басты баяндамашысы Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестір және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысы Еркін Келесов сөз сөйледі.
Ағымдағы жылдың қазан — қараша айларында облыстық қызмет істері департаментімен Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестір және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан 700 — ге жуық заң бұзушылық анықталған. Оның ішінде қызмет көрсету саласына қол қою бойынша орынбасарына беріп қойған.
«Ербол Шырақпайұлы заңға сәйкес, орысша айтқанда «я имею права делегировать кое — какие функции руководитель наделает курирующего зама, этот зам Төрегелдиев Самат Болатович» деді Еркін Келесов.
Жамбыл облысы әкімі Ербол Қарашөкеев басқарма басшылардың жауапкершілікті қарастыру бойынша мәселе көтерді.
«Негізгі функцияларға өздеріңіз қол қойып, бақылайтын болмасаңыздар қай жақтан білесіздер нәтижені. Менде жүрейін қазір жұмысымның барлығын орынбасарларыма іліп қойып, серуендеп, шетелге шығып, денсаулығымызды түзеп» деп қорытындылады Ербол Шырақпайұлы.
Сонымен қатар, аудан әкімдері мен ведомоства басшыларына тапсырмалар берілді.