• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

“Сыртымнан сот өткізген“. Білім гранты бойынша соттасқандардың оқиғасы

Жоғары оқу орнында мемлекеттік грантпен оқығандар арасында Қаржы орталығымен соттасқандар бар. Кейбіреулері грант үшін миллиондар төлесе, енді біреулер сотта жеңіп шыққан.

20.11.2024
0
“Сыртымнан сот өткізген“. Білім гранты бойынша соттасқандардың оқиғасы
23
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

«Сыртымнан сот өткізген»

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де 4 жыл білім алған Ернар Кенжебайұлының бүкіл шоты бір күнде бұғатталып қалған. Оның сөзінше, шоттары бұғатталған соң жеке сот орындаушысынан хабарлама келген.

«Маған 100 мың теңге айыппұл салынғанын айтты. Бұл — тек шоттарды ашуға салынған айыппұл. Кейін анықтағанда, айыппұлды Қаржы орталығы салып отырғаны белгілі болды. Айыппұлды төлеп, шоттарымды аштым», — дейді ол.

Ернар Кенжебайұлының айтуынша, осы жағдайдан кейін бір жыл бұрын өзіне хабарламастан, мемлекеттік грантты өтеу бойынша сот өткізілгенін білген.

«Сотқа қатыспадым, шақырту да келмеді. Сотта «қарызын қайтарсын» деп шешкен. Бұл туралы мүлдем хабарым болмады», — дейді ол.

Ол 2021 жылы оқуын бітіріп, 1 жыл, яғни 2021-2022 жылдар аралығында мамандық бойынша жұмыс істеген. Кейін 2 жыл ақылы негізде магистратурада оқыған.

«Оқу бітірген бойда магистратураға түссең, қыркүйекке дейін құжат тапсырып үлгерсең ғана есептеледі екен. 1 жылдан кейін магистратураға түскенің грантты өтеу болып есептелмейтін болып шықты. Ақыр аяғында 2 жылдың ақшасын қайтару керек болды. Сотқа осы іс қайта қаралуын сұрап, арыз жаздым», — деді ол.

Ернар Кенжебайұлы 1 миллион 700 мың теңге көлемінде қайтаруы керек болған. Бірақ оның сөзінше бұған дейін оның қатысуынсыз сот өтіп, «төлейді» деген шешім шығуына байланысты өсімпұл қосылып кеткен. Ақыр аяғында ол 2 миллион 600 мың теңге төлеуі керек болған.

Атырау тұрғыны өзіне хабарламай сот өткізілгеніне, үстіне өсімпұл қосылғанына наразы болып соттасқан.

«Сотта 2 жылдың ақшасын төлейтінімді айттым, бірақ үстіндегі өсімпұлды алып тастауын сұрадым. Қаржы орталығы «алмаймыз» деп, соңына дейін соттастық. 2 ай сот болды. Сот шешімімен мен жеңдім, өсімпұлды қоспайтын болды. Соңында 1 миллион 600 мың теңге ғана төледім», — дейді Ернар Кенжебайұлы.

«Басында білсем, гранттан бас тартар едім»

Тұрсынбек Башар да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Ол да Қаржы орталығымен соттасқандар қатарында, дегенмен оның мәселесі ауыл квотасынан шыққан. Оның сөзінше, мектепті бітірген кезде бұл мәселе шегелеп айтылғанда, артық мәселе туындамаушы еді.

«Біздің кезімізде мұндай нәрсе айтылмады. Университетте оқып жатқанда да бұл нәрсені ешкім айтқан жоқ. Бізде 150 студент болса, бірде-біреуі білмеген. Дипломды алар кезде бәрімізді деканатқа жинап, «грантты өтеулерің керек, болмаса диплом бермейміз, келісемін деген құжатқа қол қоюларың керек» деді. Негізі бұл келісімшарт 2012 жылы жасалған екен. Ал оны бізге 2016 жылы ұсынып тұр. Келісімшартты 2012 жылы ұсынғанда, өз басым бас тартар едім», — дейді ол.

Тұрсынбек Башар — Түркістан облысының тумасы. Оның сөзінше, сол кезде гранттан бас тартса, оған себеп ауылдың жағдайы болар еді. «Түркістан облысында мамандық бойынша жұмыс істеу мүмкін емес. Өйткені бірінші кезекте жемқорлық тұр. Өздерінің «ставкалары» бар. Біздің кезімізде мұғалім болып жұмысқа кіру үшін 1 миллион теңге дейтін. Бұл — Түркістан облысында ушығып кеткен жағдай», — дейді ол.

Ол деканатта мәжбүрлі түрде қол қойғанын, кейін бұл құжатты өз өңіріндегі ХҚКО-ға тапсырғанын айтады.

«Түркістанда ХҚКО арқылы, жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа тұру мүмкін емес. Өзім де мектептерге барып, жұмыс іздедім. «Орын жоқ» деп шығарып салды», — деді ол.

2020 жылы Тұрсынбек Башарға Қаржы орталығынан хабарласып, «тез арада жұмыс табуы қажет екенін» айтқан. Осылайша, ол өз өңірінен қайта жұмыс іздеген, бірақ нәтиже болмаған.

«Қаржы орталығындағылар «мектепке от жағушы болса да жұмысқа тұрып, бізге қағаз жіберсеңіз болды, солай жабылып кетеді, мұның бәрі құжат күйінде ғой» деді. Түсінгенім бойынша олар — есеп үшін жұмыс істеп отырған адамдар. Бұл бағдарламаны жасаймыз деп министрлік пен Қаржы орталығы көп заңсыздыққа жол беріп жатыр. Балалар мектепке амалсыздан, өтірік жұмысқа тұрады», — деді ол.

Оның сөзінше, 2020 жылы 6 ай көлемінде Қаржы орталығымен соттасқан, тіпті бірнеше заңгердің қызметіне жүгінген. Алайда келісімшартты оқыған заңгерлер Қаржы орталығы өздеріне өте тиімді келісімшарт жасап алғанын, кез келген жағдайда ұтылмайтынын айтыпты.

«Соңына дейін соттасып, ұтылып қалдым. «Айлығыңның елу пайызын Қаржы орталығына аударып отырасың» деп үкім шығарды. Төлеу қажет сома 2 миллион 400 мың теңге болды. Жауапкершіліксіз деген баптарымен үстіне тағы 1 миллион теңге қосты, оған қоса, ұтылған соң соттың ақшасын да төледім. Сонда шамамен 3 миллион 880 мың теңге шықты. Мұны 2 жылдай төледім. 50 пайыз деген өте ауыр ғой. Отбасың бар, бала-шағаң бар. Жастарға министрлік, Қаржы орталығы ауыртпалық салады. Оның үстіне Алматы секілді қалада. Сондықтан жұмысыңнан бөлек қосымша жұмыс істеуіңе тура келеді. Уақытың, денсаулығың, жүйкең кетеді. Төлемесең, шотыңды бұғаттап тастайды, шотыңдағы ақшаларыңды шешіп алады», — дейді ол.

Тұрсынбек Башардың пікірінше, министрлік дәл осы жолмен КСРО кезіндегі әдісті әкелмек дейді.

«Бұрын балаларды оқытып, кейін қолдарына құжат беретін, сол бойынша шалғайдағы ауылға барып жұмыс істейтін. Түпкі мағынасы — «ауылды көркейтеміз» деген әңгіме ғой. Ауылды шынымен дамытқысы келсе, өндіріс орындарын, жұмыс орындарын ашсын, сонда қалада ешкім тұрақтамайды. Ауылда ешқандай жұмыс жоқ. Мемлекеттік БАҚ арқылы есеп беріп, «мынадай бала оқыды, мынадай бала жұмыс істеп жатыр» дейді. Қаншама адам зар жылап жүрсе, оның бәрі неге керек?!» — деді ол.

Ісі сотқа жеткендер саны қанша?

Ғылым және жоғары білім министрлігі Massaget.kz-ке берген ресми жауабында мемлекеттік грант бойынша кейінгі үш жылдағы мәліметті ұсынды.

  • 2022 жылдың статистикасы

2022 жылы грантпен оқыған түлектердің арасында жұмыспен өтеу міндетін толық аяқтаған 97 адам бар. Грантты жұмыспен өтеу міндетінен босатылған 14 511 адам бар, оның ішінде 3 адам қайтыс болған, 63 адам оқуға жұмсалған бюджет қаражатын өз еркімен қайтарған, 24 122 жұмыс істеп жатыр.

Грантты жұмыспен өтеу міндетін бұзған 17 205 адам бар. Оның ішінде 16 491 адамға қатысты дауды сотқа дейін реттеу тәртібі бойынша жұмыс істеліп жатқаны, 418 адамға қатысты сотқа талап-арыз жіберіліп, азаматтық іс қозғалғаны, 296 адамға сот шешімі шығарылғаны белгілі болды.

  • 2023 жылдың статистикасы

2023 жылы грантпен оқыған түлектер арасында жұмыспен өтеу міндетін аяқтаған 37 адам бар. Ал грантты жұмыспен өтеу міндеттерінен босатылған 13 491 адам бар, оның ішінде 2 адам қайтыс болған, 29 адам оқуға жұмсалған бюджет қаражатын өз еркімен қайтарған, 23 745 адам жұмыс істеп жатыр.

Грантты жұмыспен өтеу міндетін бұзған 20 524 адам бар. Оның ішінде 20 522 адамға қатысты дауды сотқа дейін реттеу тәртібі бойынша жұмыс істеліп жатқаны, 2 адамға қатысты сотқа талап-арыз жіберіліп, азаматтық іс қозғалғаны белгілі болды.

Тегтер: білімгрантсот
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Тараз қаласында халыққа тегін білікті медиативтік көмек көрсету жұмысы ұйымдастырылды

Тараз қаласында халыққа тегін білікті медиативтік көмек көрсету жұмысы ұйымдастырылды

07.06.2025
Олжас Бектенов ICBC басшысы Лю Цзюньмен 1 млрд юаньнан астам инвестиция тарту мәселесін талқылады

Олжас Бектенов ICBC басшысы Лю Цзюньмен 1 млрд юаньнан астам инвестиция тарту мәселесін талқылады

07.06.2025
Алматыда жатақханалар құрылысы: инвесторларға арналған мемқолдау шаралары

Алматыда жатақханалар құрылысы: инвесторларға арналған мемқолдау шаралары

07.06.2025
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ҚҰРАНДЫ ТОЛЫҚ ЖАТТАП, 18-ші ЖАС ҚАРИ ТҮЛЕК АТАНДЫ

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ҚҰРАНДЫ ТОЛЫҚ ЖАТТАП, 18-ші ЖАС ҚАРИ ТҮЛЕК АТАНДЫ

06.06.2025
Саясат Нұрбек эксклюзивті сұхбат берді

Саясат Нұрбек эксклюзивті сұхбат берді

06.06.2025
ӘМСҚ Басқарма төрағасының орынбасары қамауға алынды

ӘМСҚ Басқарма төрағасының орынбасары қамауға алынды

05.06.2025
Шерзат ісі: сот үкімі шықты

Шерзат ісі: сот үкімі шықты

05.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты