Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының 28 желтоқсан 2020 жылғы No194 Ж/Қ-Қ бұйрығымен сотталушы Д.И.Абдраимов Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл политехникалық жоғары колледжі» МКҚК-нің (әрі қарай- Жоғары колледж) директоры лауазымына тағайындалған.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының 26 қаңтар 2024 жылғы №16 Ж/Қ-Қ бұйрығымен Д.И.Абдраимовтың Жоғары колледж директоры лауазымын атқару мерзімі 1 жыл мерзімге ұзартылған.
ҚК-нің 3-бабына сәйкес Д.И.Абдраимов мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға теңестірілген адам болып табылады.
Д.И.Абдраимовтың лауазымдық нұсқаулығына (міндеттеріне): Қазақстан Республикасының заңнамасына және білім беру ұйымының жарғысына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік- шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасау, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесінің кестесін, ішкі тәртіп ережесін бекіту, білім беру ұйымының басқару құрылымын, штаттық кестесін, қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекіту, білім алушылардың контингентін қалыптастыру, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қоғамдық тамақтандыру, медициналық қызмет көрсету ұйымдарының жұмыс істеу және олардың жұмысына бақылауды ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету, жұмыс берушілермен және әлеуметтік әріптестермен жүргізілетін жұмысты үйлестіру, қолда бар мүліктер мен құралдарға билік жүргізу, оқу- материалдық базаны толтыруды және оның есебі мен сақталуын, санитарлық-гигиеналық ережелер тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базаны қайта жарақтауды және қайта құруды ұйымдастыру, педагогикалық кеңестің жұмысын басқару, білім беру ұйымының оқыту қызметінің саласын дұрыс ұстау және кеңейту мақсатында инновациялық білім технологияларын енгізуді және тартуды қамтамасыз ету, кадрларды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асыру, педагогикалық жәние тәрбие процесінің қажетті деңгейін қамтамасыз ету, одардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасау, үздіксіз кәсіптік оқыту жөнінде білім беру ұйымдарымен бірлескен жұмыс бойынша жалпы басшылықты жүзеге асыру, жұртшылықпен байланысты қамтамасыз ету, ата-аналармен (олардың орнын басушы адамдармен) жүргізілетін жұмысты үйлестіру, жоғары тұрған, қоғамдық және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының мүддесін білдіру, әлеуметтік серіктестік және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі шараларды жүзеге асыру, уәкілетті органға (құрылтайшыға) оқу, ғылыми және қаржылық қызмет нәтижелері туралы жыл сайынға есепті ұсыну, еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарын орындауды қамтамасыз ету және қауіпсіз еңбек етуге жағдай жасау жатады.
2024 жылдың тамыз айында Жоғары колледж директоры Д.И.Абдраимов, білім саласының қызметкері бола тұра, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Домалақ ана көшесі №268 мекенжайында орналасқан Жоғары колледжге ақылы негізде түскен түлектерді, кейбір грант иегері атанған оқушылардың қайта мектепке кетіп қалуына орай, солардың босаған орындарына ауыстыруға ықпал етіп, Жоғары колледж аумағында туындаған мәселелер бойынша жалпы қамқорлық көрсету ниетімен осы абитуриенттердің ата-аналарынан ақша түрінде пара алуды жоспарлаған.
Содан, 2024 жылдың 2 қыркүйегінде Жоғары колледж оқытушысы сотталушы С.А.Шайкиева үлкен ұлы А.-тің құжаттарын 1 курсқа «бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша ақылы негізге өзі қызмет атқаратын Жоғары колледждің қабылдау комиссиясына өткізген.
Әрі қарай, 2024 жылдың 3 қыркүйегінде түстен кейін С.А.Шайкиева Жоғары колледждегі қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы А.Ж.Еркебаеваға келіп, «бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша 1 курста мемлекеттік грант бойынша бос орындардың бар-жоғын сұраған. А.Ж.Еркебаева оған сол мамандық бойынша мемлекеттік грант бойынша бос орын бар екенін хабарлаған. С.А.Шайкиева А.Ж.Еркебаеваға баласы А.-тің ақылы негізде осы мамандыққа түскенін алға қойып, сол баласын осы мамандық бойынша бос тұрған мемлекеттік грантқа қалай ауыстыруға болатынын сұраған. Сол кезде, А.Ж.Еркебаева С.А.Шайкиеваға бұл мәселе бойынша директор Д.И.Абдраимовтан сұрау қажеттігін хабарлаған.
Содан кейін, 2024 жылдың 4 қыркүйегінде сағат 15:00 шамасында С.А.Шайкиева, өзінің Жоғары колледж директоры Д.И.Абдраимовқа ақша қаражаттарын пара ретінде беруге бағытталған қылмыстық ойынан айнымай, керісінше оны жалғастырып, жүзеге асыру үшін Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Домалақ ана көшесі, №268 мекенжайында орналасқан Жоғары колледж директоры Д.И.Абдраимовтың қызметтік кабинетіне сөмкесіне ақ қағазға оралған 80 000 теңге ақша қаражаттарын салып алып, барған.
С.А.Шайкиева әңгіме барысында Д.Абдраимовтың қызметтік кабинетінде өзін соңғының қол астындағы қызметкер ретінде таныстырып, оның қайтыс болған досы А.Шидебаевтың қарындасы екенін алға қойған. Әрі қарай, С.Шайкиева Д.Абдраимовқа, Жоғары колледжде «бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша 1 курста мемлекеттік грант бойынша бос орын бар екенін білгенін хабарлап, ұлы А.-тің құжаттарын Жоғары колледжге «бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша 1 курсқа ақылы негізде оқуы үшін тапсырғанын айтып, ақша қаражаттарын пара ретінде беруге бағытталған қылмыстық ойын аяғына дейін жеткізу мақсатымен, 80 000 теңге ақша қаражаттары оралған ақ қағазды сөмкесінен шығарып, Д.Абдраимовтың жұмыс үстеліне соңғының ұлы А. «бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша мемлекеттік білім грантын беруге ықпал етуі үшін қойған. Өз кезегінде, Д.И.Абдраимов, Жоғары колледжге ақылы негізде түскен түлектерді кейбір грант иегері атанған оқушылардың қайта мектепке кетіп қалуына орай солардың босаған орындарына ауыстыру мүмкіндігі бар екенін және Жоғары колледжде «бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша 1 курста мемлекеттік грант бойынша бос орын бар екенін біле тұра, алдында осы әрекеттері үшін абитуриенттердің ата-аналарынан ақша түрінде пара алуға бағытталған қылмыстық ойын аяғына дейін жеткізу мақсатымен С.А.Шайкиева ұлының «бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша мемлекеттік білім грантын беруге ықпал етуі үшін ұсынған 80 000 теңге ақша қаражаттары оралған ақ қағазды өзінде қалдыру арқылы қабылдаған және С.А.Шайкиеваға ұлына «бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша мемлекеттік білім грантын беруге көмектесуге келісетінін мәлімдеген. Содан Д.И.Абдраимов С.А.Шайкиевамен ақ қағазға оралып берілген 80 000 теңге ақша қаражатын өзінің барсеткасына салған.
Әрі қарай, сол күні сағат 18:05 шамасында СЖҚІА Жамбыл облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері қылмыстық іс бойынша ғылыми- техникалық құралды пайдалана отырып және куәгерлердің қатысуымен Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Домалақ ана көшесі №268 мекен-жайында орналасқан Жоғары колледж директоры Д.И.Абдраимовтың қызметтік кабинетіне тінту тергеу әрекетін жүргізіп, нәтижесінде соңғының өз еркімен барсеткасынан алып ұсынған, ақ қағазға оралған 80 000 теңге ақша қаражаттары анықталып, алынған
Сот үкімімен Дусенбек Исахметович Абдраимов ҚК-нің 366-бабының 1- бөлігімен кінәлі деп танылсын және оған, мемлекеттік қызметте, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салып, параның жиырма бес еселенген сомасы, яғни 2 000 000 (екі миллион) теңге мөлшерінде, айыппұл жазасы тағайындалсын.
Сандугаш Асановна Шайкиева ҚК-нің 367-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылсын және оған, мемлекеттік қызметте, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салып, параның он бес еселенген сомасы, яғни 1 200 000 (бір миллион екі жүз мың) теңге мөлшерінде, айыппұл жазасы тағайындалсын.
ҚК-нің 49-бабының 2-бөлігіне сай сотталған Д.И.Абдраимовтан «Ерен Еңбегі үшін» медалінен айыру туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс енгізілсін.
Айыппұлды ерікті түрде төлеу үшін Д.И.Абдраимов пен С.А.Шайкиеваға үкім заңды күшіне енгеннен кейін 3 (үш) ай мерзім берілсін.
Д.И.Абдраимовқа айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген кезде, айыппұлдың төленбеген бөлігі төленген және өндіріп алынған айыппұл бөлігін ескере отырып, ҚК-нің 366-бабының 1-бөлігінің санкциясы шегінде бас бостандығынан айырумен ауыстырылатыны түсіндірілсін.
С.А.Шайкиеваға айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген кезде, айыппұлдың төленбеген бөлігі төленген және өндіріп алынған айыппұл бөлігін ескере отырып, ҚК-нің 367-бабының 1-бөлігінің санкциясы шегінде бас бостандығынан айырумен ауыстырылатыны түсіндірілсін.
Д.И.Абдраимов пен С.А.Шайкиеваға қатысты қолданылған «ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасының күші үкім заңды күшіне енгеннен кейін жойылсын.
Процестік шығындары мемлекет есебіне қабылдансын.
Сотталғандар Д.И.Абдраимов пен С.А.Шайкиевадан әрқайсысынан Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қорына он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 55 380 (елу бес мың үш жүз сексен) теңге мәжбүрлі төлем өндірілсін.
Үкімге наразы жақ үкім жарияланған күннен бастап он бес тәулік ішінде Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына Тараз қаласы No2 соты арқылы шағымдануға немесе прокурор сот актісін қайта қарау туралы өтінішхатын келтіруге құқылы.