Ағымдағы жылдың 20 қазанынан бастап облыс аумағында табиғатты қорғау заңнамаларын сақтау және браконьерлікпен күрес жүргізу мақсатында «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарға қызық үшін жануарлар мен құстарды заңсыз атпауды, флора және фауна дүниесіндегі заңдарды қатаң сақтауды ескертеді.
Жамбыл облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі