Ғайни Төленқызы Аймағанбетова 2018 жылдан бері директордың орынбасары, ал соңғы екі айда директор міндетін уақытша атқарушы болды.
«Ғайни Төленқызы, сіздің бұл салада беделіңіз де, мол тәжірибеңіз де бар. Сондықтан осы лауазымда өз әлеуетіңізді тиімді пайдалана аласыз деп сенемін. Сізге сәттілік тілеймін!» – деді жаңа директорды ұжымға таныстыру кезінде Әбілқайыр Сқақов.
Жаңа басшыны филиал ұжымына Қордың «Адами ресурстарды дамыту» департаментінің директоры Талғат Берекетов таныстырды.
Ғайни Төленқызы «Қазақ көлік және коммуникация академиясын», Халықаралық қазақ-түрік университетін, «Қоғамдық Денсаулық Сақтау Жоғары Мектебі» медициналық университетін тәмәмдаған.
Аймағанбетова Сарысу ауданының тумасы, қызметін 1999 жылы аудандық әкімдігінен бастаған. Экономист және заңгер мамандықтарын меңгерген. Сонымен қатар, денсаулық сақтау магистрі академиялық дәрежесі бар. Жалпы еңбек өтілі 25 жылдан астам, оның ішінде медицина саласында 17 жыл еңбек тәжірибесі бар, Денсаулық сақтау саласының үздігі.
2018 жылдан бері Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Жамбыл облысы бойынша филиал директорының орынбасары қызметін атқарып келген.
TURANINFO.KZ