Оқиға орнына жедел жеткен «Боран-23» автоэкипажының полиция қызметкерлері Амангелді Нұрболат пен Дикаев Ерлан суық қарулы, масаң күйдегі ер адамды әңгімеге тартып, ниетінен қайтару әрекеттерін жасады.
Полиция қызметкерлері кәсіби әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, азаматтың пышағын алып, өзін еш жарақатсыз полиция бөліміне жеткізді.
Ер адам ҚР ӘҚБТк-нің 434 және 440-баптарымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аталмыш жағдайда, мөлтек аудан тұрғындары қауіпсіздіктерін қамтамасыз етіп, дер кезінде көмекке келген полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.