• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Таразда халықаралық қолөнершілер көрмесі өтіп жатыр

«Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде «Тараз – қолөнершілер қаласы» атты ІІІ халықаралық қолөнершілер көрмесі өтуде.

28.09.2024
0
Таразда халықаралық қолөнершілер көрмесі өтіп жатыр
79
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Оған халықаралық қолөнершілер қауымдастықтарының, туризм саласы бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері мен сарапшылар қатысуда.

Ауқымды шараның салтанатты ашылуында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек аталмыш көрменің өңірдің туристік әлеуеті үшін маңыздылығын атап өтті.

— Ежелден Ұлы Жібек жолы бойындағы қолөнер және сауда орталықтарының бір ретінде әлемге танымал болған таризы терең Тараз қаласы 2022 жылдың 1 қазанында Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне ресми түрде енгізілді. Бұл іс шараны біздің өңірдің мәдени-туристік саласындағы ең ірі оқиға деп санауға болады. Қолөнершілер қалаларының Дүниежүзілік тізімі 2014 жылдан бері қалыптасып келеді және бүгінгі таңда бұл тізімге әлемнің 25 мемлекетінің 65 қаласы енген. Ал біздің қасиетті Таразымыз осы тізімге 56-шы болып енгізіліп, Қазақстанның алғашқы қолөнершілер қаласы мәртебесін иеленді. Бұл ауқымды оқиға өңірдің мәдени-рухани және туристік салаларының дамуына жаңа серпін беріп, облыс көлемінде қолайлы туристік ахуал құруға ықпал етеді,- еді Әбілхайыр Тамабек.

Одан әрі көрмеге келген меймандар арнайы баспасөз конференциясына қатысып тарихи Тараз туралы лебіздерімен бөлісті.

— Киелі Тараз жерінде, ұрпақтан ұрпаққа ұлттық өнерді насихаттап, әлемдік қолөнершілердің халықралық қауымдастығының мүшесі атанған шаһарда өз елімнің атынан өнер көрсету мен үшін үлкен құрмет. Шараға қатысушы барлық шеберлерді, әріптестерімді бүгінгі қолөнер мерекесімен шын жүректен құттықтаймын, — деді Қырғызстан Республикасы қолөнершілер қауымдастығының президенті Нұрзат Жээнбекқызы.

Сондай-ақ жиынға Санта-Фе халықаралық қолөнер көрмесінің басқарма кеңесінің кеңесшісі, АҚШ өкілі Lopez Carol Robertson, Тәжікстан өкілі Ахмадчон Одилович, «Хунарманд» қауымдастығының жетекшісі Сухроб Шодиев, Кувейт қолөнер қауымдастығының төрағасы Хусейн Али Албаззаз, Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесінің Президенті Саад Хани Аль-Каддуми қатысып, жамбылдықтарға қонақжайлылығы үшін алғыс білдірді.

Көрме барысында шеберлер өткен дәуірлердің қолөнершілері жасаған тарихи бұйымдармен, сондай-ақ заманауи өнер бұйымдарымен танысты. Жергілікті шеберлерді қолдауға ерекше назар аударылды. Олар үшін шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, онда қолөнер саласында ұзақ жыл тер төгіп келе жатқан әріптестерімен тәжірибе алмасып, өз жұмыстарын көрсетуге мүмкіндік берілді.

Халықаралық қолөнершілер көрмесі Таразда мәдени туризмді ілгерілетуде шешуші рөл атқарады. Бұл шара Халықаралық қоғамның назарын аудара отырып, қаланың қолөнер және мәдениет орталығы ретіндегі мәртебесін арттырады. Көрме жойылып бара жатқан қолөнер бұйымдарын сақтауға, шеберлерді қолдауға және қолөнер өндірісін дамытуға жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етуде.

Үш күнге жалғасатын көрменің бағдарламасы қолөнер бұйымдарын көрсету ғана емес, сонымен қатар бай мәдени және білім беру бағдарламаларын да қамтитынын атап өткен жөн.

Келушілер кәдесыйлар жәрмеңкесін, сән көрсетілімдерін, қолөнер бойынша шеберлік сыныптарын тамашалауда. Сондай-ақ жас қолөнершілер «Тараз мотивтері» атты қолөнершілер байқауына қатысуда.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тегтер: Жамбыл облысықолөнерТаразХалықаралық көрме

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты