• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
16.10.2026, 06:21
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысында қылмыс деңгейі 13,5%-ға төмендеді

Жамбыл облысының Полиция департаменті ағымдағы жылдың 6 айы бойынша атқарылған жұмысты қорытындылады.

turan_admin turan_admin
24.07.2024, 19:02
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысында қылмыс деңгейі 13,5%-ға төмендеді
63
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жедел кеңесте ПД бастығы Арманбек Баймурзин жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрінің негізгі талаптары мен тапсырмаларын жеткізді.
Бірінші жартыжылдықтағы қызмет нәтижелерін талдай отырып, ПД бастығы қабылданған алдын алу шаралары қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік бергенін атап өтті.

Өңірде қылмыс деңгейі 13,5%-ға төмендеді. Атап айтқанда, аса ауыр қылмыстар (-9,7%), ауыр қылмыстар (-12,1%), ауырлығы орташа қылмыстар(-29,8%), кісі өлтіру (-35%), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (-31,3%), жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстардың (-24,1%) саны қысқарды. Тонау деректері 31%-ға, бұзақылық 37,9%-ға азайды.
Алаяқтықтың барлық түрлерін тіркеу 10,8%-ға төмендеді.

Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде ұрлықтың 28,1%-ға, олардың ауыр түрлерінің 15,4%-ға төмендеуіне қол жеткізілді.

Қылмыстар азайғанымен, жолдардағы апаттылық жағдайы күн тәртібінен алынбайды. Жол-көлік апаттарын азайту және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 17 бірлік «Автоураган-МС» және 10 «Рарк Райт-С» мобильдік аппараттық кешендерін сатып алу жоспарлануда. Жаңа техникалар күрделі жағдай байқалатын аудандарға беріледі.

Арманбек Баймурзин жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету әркімнің жеке жауапкершілігіне байланысты екенін атап өтті. Жаяу жүргіншілер бұзушылығының және жүргізушілердің маневр жасау ережелерін бұзу жағдайларының саны 80%-ға өскенін айтты. Бұл статистика тұрғындардың қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтамайтындығын дәлелдейді.

Көлікті мас күйінде басқару деректері де алаңдаушылық туғызады (6 айда-355 дерек.) Жағдайды үнемі бақылауда ұстау үшін патрульдік полиция жасақтарын қайта орналастыру және құқық бұзушыларды уақытша бейімдеу орталығына жеткізу жұмыстары күшейтілуде.

Қылмысқа қарсы күрес мақсатында күн сайын ауылдық округ әкімдерімен, ақсақалдармен және жұртшылықпен бірлесіп «ішімдіксіз ауыл» жобасы бойынша жұмыс жүргізу тапсырылған. Нәтижесінде облыстың 6 ауданында және 16 ауылдық округтердегі дүкендер алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты.

Жиі кездесетін қылмыстың бірі — анықталған алаяқтық деректерінің жартысынан көбі интернет қылмыстарына жатады. ПД бастығы осы бағыттың маңыздылығын атап өтіп, жүйелі негізде аулаларды аралауды, тұрғындарға, әсіресе егде кісілерге алаяқтардан қорғау бойынша кеңестерді жеке түсіндіруді тапсырды.

А. Баймурзин тергеушілердің жұмысын ұйымдастыруды қайта қарау керек деп санайды. Жүргізілген талдау қылмыстық істерді қосымша тергеуге қайтарудың негізгі себебі тергеушілер мен анықтаушылардың істердің толықтығын қамтамасыз ету бойынша талаптарды бұзуы болып табылатынын көрсетті.

Сондай-ақ, жыл басынан бері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 2124 әкімшілік хаттама жасалды. Бұл бағытқа ПД бастығының тапсырмасы бойынша ерекше назар аударылуда.

Сонымен қатар, жиын барысында ҚР Ішкі істер министрінің Кадр сапасын жақсарту жылына байланысты тапсырмасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар да жеке талқылауға түсті. Тәртіп пен заңдылықты сақтау туралы айта келе, А.Баймурзин жас қызметкерлермен жеке құрам арасында қолайлы атмосфераны сақтау үшін жеке жұмыс істейтінін жеткізді. Бөлім бастықтары енді қызметкерлердің отбасыларына баратын болады.

•⁠ ⁠⁠Ел Президентінің тапсырмалары, ІІМ реформалары — барлығы халықтың полицияға деген сенім деңгейін арттыруға бағытталған. Учаскелік полиция инспекторлары — тұрғындар бірінші болып жүгінуі керек сенімді тұлға болуы тиіс. Бірақ, барлық учаскелік инспекторлар өз аймақтарында белсенді жұмыс істейді деп айта алмаймын. Себебі, кейде мен өзім тұрғындардан: «сіз өзіңіздің учаскелік қызметкерді білесіз бе?» деп сұрағанда, оң жауап ала бермеймін», — деді ПД бастығы.

Жан-жақты талқылай келе, кеңес қорытындысы бойынша кадр саясатын жетілдіру, қылмыстардың ашылу деңгейін, сотқа дейінгі тергеп-тексеру сапасын арттыру, алаяқтық пен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, цифрлық технологияларды тиімді пайдалану, есепке алынатын тұлғалармен жұмысты күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Тегтер: алты айлық жұмыс қорытындысыАРМАНБЕК БАЙМУРЗИНПолиция департаменті
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51
Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37
8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

14.10.2026, 13:41
СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

14.10.2026, 09:16
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Берекелі отбасы – берік қоғам» іс-шарасы өтті

15.10.2026, 19:45

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

14.10.2026, 23:41

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.