• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанның сыртқы саудасының 30%-ы ЕО елдеріне тиесілі

Қазақстан мен ЕО елдері ауыл шаруашылығы саласындағы сауда ынтымақтастығын арттыратын болады

29.05.2024
0
Қазақстанның сыртқы саудасының 30%-ы ЕО елдеріне тиесілі
39
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі Еуропалық комиссар Януш Войчеховскиймен агроазық-түлік саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Кездесуге қатысушылар азық-түлік қауіпсіздігінің ерекше маңызды екенін атап өтті. ЕО нарығына азық-түлік экспортын арттыру шаралары, сондай-ақ АӨК өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша бірлескен жобалар құру мәселелері қаралды.

Қазақстан мен ЕО елдері ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапа стандарттарын арттыру және фермерлерді қолдау саясатын жалғастырады. Аталған бағытта озық аграрлық технологияларды енгізу саласындағы өзара іс-қимылды күшейту, өзгермелі климаттың ауыл шаруашылығы саласына теріс әсерін азайту мәселелерінде тәжірибе алмасу қажеттігі атап өтілді.

Агроөнеркәсіптік кешен біздің экономикамыздың маңызды секторларының қатарына кіреді. Еліміздің сапалы және экологиялық таза органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру саласындағы әлеуетін, сондай-ақ Еуропа тарапынан артып келе жатқан сұранысты ескере отырып, біз қазақстандық тауарларды Еуропа нарығына экспорттау номенклатурасын кеңейту жөніндегі жұмысты жандандыруымыз қажет, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Януш Войчеховский Қазақстанда инвесторлар үшін жасалған қолайлы жағдайларды атап өтіп, ЕО елдерінің екіжақты ынтымақтастықты нығайту ниетін растады. Сондай-ақ өзара саудадағы кедергілерді жою және заңнаманы үйлестіру шараларына назар аударылды.

Кездесу барысында Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы екіжақты тауар айналымының оң динамикасы айтылды. Жалпы, тартылған инвестициялардың 40%-дан астамы және Қазақстанның сыртқы саудасының шамамен 30%-ы ЕО елдерінің үлесіне тиесілі.

Бір жыл ішінде сауда көлемі 3,5%-ға өсіп, $41,4 млрд-қа жетті, оның $31 млрд-ы қазақстандық экспортқа тиесілі. Бұл ретте ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара саудасында ерекше белсенділік байқалады: индикатор 13,4%-ға ұлғайды.

ЕО елдеріне отандық өндірушілердің негізгі экспорттық тауарларына бидай, зығыр тұқымы, рапс, өңделген дәнді дақылдар және басқа да санаттар жатады. Жоғары деңгейде өңделген өнім экспортының үлесін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Үкіметтің баспасөз қызметі

Тегтер: ауыл шаруашылығыеуроодақЕуропалық ОдақОлжас Бектеновсауда

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты