Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Рауан Садырқұлов Тұрар Рысқұлов ауданы білім бөлімінің басшысы етіп Муратбек Свановты тағайындады.
Садырқұлов пен Сванов бірге бір ауылдан болса, онымен қоса №34 М.Горький атындағы орта мектебінде бірлесе қызмет еткен.
Тұрар Рысқұлов ауданы білім бөлімінен басқа Сарысу және Байзақ ауданы білім бөлімдерінің басшыларының орындары бос.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының 29-бабының 2-тармағына, 30-бабының 1-тармағына сәйкес облыстық білім басқармасы басшысының 2024 жылғы 21 мамырындағы бұйрығымен Т.Рысқұлов ауданы білім бөлімі басшысы қызметіне Сванов Муратбек Айтимбетович тағайындалды.
Сванов Муратбек Айтимбетович 1967 жылы 23 тамызда Жамбыл облысы Луговой ауданында дүниеге келген. 1998 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік Университетін «Тарих пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолы:
01.02.1988 ж. бастап № 34 М.Горький атындағы орта мектебінде мұғалім қызметін атқарған.
01.09.2008 ж. — №34 М.Горький атындағы орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
02.06.2010 ж. — Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің бастығының уақытша орынбасары;
05.12.2011 ж. — Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығының орынбасары;
16.07.2012 ж. — Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің сектор меңгерушісі;
05.11.2012 ж. бастап Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы;
29.09.2017 ж. – Луговой ауылдық округі әкімінің м.а.;
04.01.2018 ж. бастап Луговой ауылдық округі әкімі;






