2024 жылдың 12 мамырында сағат 15-55-те Жамбыл облысы ТЖД дағдарыс жағдайлары басқармасына Жуалы ауданы Т.Дүйсебайұлы ауылының маңындағы таулы аумақта 1960 жылы туған азаматша жоғалып кеткендігі, ол туыстарымен бірге саңырауқұлақ теруге шығып, жоғалған деген хабарлама түсті.
Іздеуге үш техникамен (УАЗ,НИВА ,ТРЭКОЛ) 17 құтқарушы және үш НИВА көліктерімен 9 полиция қызметкері шықты. Сағат 18.00 — де ТЖД күштерімен адасқан әйел тірі және дені сау күйінде табылды. Медициналық көмек қажет болмады.
Құрметті саңырауқұлақ терушілер! Егер сіз саңырауқұлақтарды жинауға бейтаныс жерлерге барсаңыз назар аудару үшін жарқын киім киюді, ысқырықты немесе фонарьды өзіңізбен бірге алып жүруді және тастан жасалған пирамидаларды немесе басқа белгілерді қалдыруға ұмытпаңыз.