• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Абырой

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдары ауыр!

11.05.2024
0
Қазақстанда қанша әйел тұрады?
88
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Біздің заңнама бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық деген – белгілі бір отбасылық қарым-қатынастағы адамдар арасында шиеленіс орнап, оның нәтижесінде пайда болған физикалық, психологиялық, экономикалық  және сексуалды қысым. Ол ерлі-зайыптылар арасында ғана емес, аға, әпке немесе балалар секілді барлық туыстық қатынастар арасында да болуы мүмкін. Яғни бір үйде тұратын адамдар бір-біріне кесірін тигізсе, бұл тұрмыстық зорлық-зомбылық деп танылады. Бұрын әйел теңдігі ұғымы мәселе болса, бүгінгі күні ол гендерлік теңдік деген үлкен саясатқа ұласып, мемлекет басшысының қолдануымен осы гендерлік теңдік аясында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» заң қабылданды. Жалпы, гендер – ерлер мен әйелдер арасындағы қатынастардың өмірдің барлық саласында көрініс табатын әлеуметтік қыры деген ұғымды білдіреді. «Отбасы – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заң тек әйелдерге ғана емес, отбасының басқа да мүшелерінің тең құқықтарын сақтап, тұрмыстағы қысымды болдырмауға ықпал етеді. 

Десек те, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі толық шешілмеген. Қазіргі таңда отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық қоғамда жиі орын алып келеді. Сарапшылардың айтуы бойынша, еліміздегі әрбір үшінші әйел психологиялық зорлық-зомбылыққа, әрбір жетіншісі – физикалық, әрбір тоғызыншысы – экономикалық және әрбір оныншысы сексуалдық зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Күйеуінен зорлық-зомбылық көрген әйелдер көбіне туыстары мен жақындарынан ұялып, ол жайтты жасырып қалады. Шағым түсіруге күйеуім қысымды күшейтеді деп қорқады, көп жайт отбасының айналасында қалып қояды. Елімізде неке қию саны төмендеп, есесіне ажырасулар саны өсіп барады. Соның салдарынан толық емес отбасылар құрамында жалғызбасты аналардың саны басым.

Полицияда зорлықтан қорғау жөніндегі арнайы бөлімшелер жұмыс істейді. Бөлімшелердің басты мақсаты – конституциялық құқықты қорғау, әйелдер мүддесі мен олардың бостандықтарын қорғау, құқықтық көмек көрсету. Қалыпты өмір ырғағын бұзатын жағымсыз әрекеттерге заңмен тосқауыл қойылатынын әркімнің білуі маңызды.

Әйелдерге қарсы жасалатын қылмыстардың басты себептері: сезікті мен зәбір көрушінің бірігіп спирттік ішімдікті асыра ішуі, маскүнемдік әсерінен өзара ұрыс-керіс, жанжалдың шығуы, тұрмыс қиыншылықтарын дұрыс түсініп, бірігіп шешім табу жолын білмеу, ер мен әйел арасындағы бірін-бірі жек көрушілік сезімнің басым болуы, зәбір көрушінің сезіктіге заттай тәуелді болуы, әйелдердің өз құқығын дұрыс білмеуі, тұрмыс тіршілігінің төмен болуы.

Біраз уақыт жаны ауырып, күйзелісте жүрген, отбасындағы күйеуі немесе басқа да жақындары тарапынан қысым көрген әйел қылмыс жасауы мүмкін. Осындай жағдайлардың салдарынан әйел қолымен жасалатын қылмыс түрлері де орын алып отыр.

Оның ішінде адам өлтіру немесе тапсырыс беру, есірткі затын тасымалдау сияқты аса ауыр қылмыстарға барған нәзік жандылар да бар.

Бұл санатпен қаралған істер бойынша әйелдердің қылмысқа бару себептерін саралап, талдау жасап, іс бойынша болған оқиғаларды зерделеу нәтижесін жинақтап қорытындылайтын болсақ, әйелдердің бұндай қылмысқа баруының басты себеп-салдары көп жағдайда бір-біріне ұқсас келеді, яғни, жоғарыда атап өткендей, әйел адамға қатысты зорлық-зомбылық көрсетудің нәтижесінде орын алған.

Осындай жағдайларға баратын нәзік жандылардың кесірінен олардың ұл-қыздары балалар үйіне жіберіледі, балалардың жетім қалуымен шектелмей, олардың болашағына зиян келтіреді. Жоғарғы оқуға түсерде немесе мемлекеттік қызметке орналасарда туыстарының сотталғандары туралы мәліметтер көрсетіледі. Ол әрине жеткіншектерге кері әсерін тигізеді.

Сөз соңында айтар болсақ, қай халық болмасын, әйел затына ықыласпен қараған, қазақ халқында әйелдің орны ерекше, ана деп құрметтеп, қарындас деп еркелетіп отырған. Ер азаматтың тірегі, қамқоршысы болған әйелдер қамыққанда сүйеу, тарыққанда тіреу, қам көңілге жұбаныш бола білген. Ер азаматтарға: отбасының ұйытқысы, берекесі, қамқоршысы – әйел затын аялайық дегіміз келеді. Ал, әйел азаматшаларға айтарымыз, сіздер, бұдан да жақсы өмір сүруге, бақытты ана, сүйікті жар болуға лайықтысыздар. Егер, құқықтық психологиялық көмекті қажет етсеңіздер, қамығып, іштен тынбай, құқық қорғау органдарына хабарласу өте маңызды.

 

 

Жамбыл облысы қылмыстық 

істер жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының судьясы                                                  К.М.Муратов

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

08.05.2025
Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

08.05.2025
Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

08.05.2025
Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

08.05.2025
Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

08.05.2025
Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

08.05.2025
Қазақстанда қосымша пойыздар қосылады

Қазақстанда қосымша пойыздар қосылады

08.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты