«Халық қатысатын бюджет» жобасын қала аумағында іске асыру мақсатында, Тараз қаласы тұрғындарының бастамалары мен ұсыныстарының негізінде, қала аумағын көркейтуге және дамытуға арналған өтінім — жобалары, қала әкімінің ресми сайтында «Халық қатысатын бюджет» электрондық парақшасында 2024 жылдың 20 қаңтарынан 10 наурызға дейін тиісті критерийлер бойынша қабылданды.
Қала әкімдігінің ресми сайтына тұрғындар тарапынан жалпы 40 жобалық ұсыныстар келіп түсті. Сараптамалық кеңестің №1 хаттамасына сәйкес, 30 жобаның критерийлерге сай келетін жобалық ұсыныстар әкімдіктің ресми сайтында тұрғындар тарапынан дауысқа салындыү
Әкімдіктің интернет-ресурсындағы тұрғындардың дауыс беру нәтижесіне байланысты және сараптамалық кеңес мүшелерінің ұсыныстары мен пікірлерін ескере келе, төмендегі жобалар іріктеліп, іске асыру жөнінде ұйғарым қабылданды.
Оның ішінде:
1.Рахимов көшесі, №50-52 үйдың маңында балалар ойын алаңын салу;
2. Байзақ батыра көшесі, № 207а үйдың маңында балалар ойын алаңын қайта жаңғырту.