Мойынқұм аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 653-б. 1-б. (сотты құрметтемеушілік) бойынша азамат Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотпен анықталғандай, 2024 жылдың сәуірінде жергілікті атқарушы орган бөлімдерінің бірінің басшысы болып табылатын Ж. дәлелді себептерсіз сотқа келуден жалтарған. Сонымен қатар, өзі жауапкер болып табылатын азаматтық іс бойынша сотқа дейінгі даярлау кезінде сот отырысы барысында төрағалық етуші судьяның өкімдеріне бағынбай, дөрекі сөйлеу арқылы сотқа құрметтемеушілік танытқан.
Сотта азамат Ж. өз кінәсін мойындаған жоқ.
ӘҚБтК-нің 653-б. 1-б. сәйкес, процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк) – ескерту жасауға не 20 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға не 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Сот шешімімен азамат Ж. ӘҚБтК 653-б. 1-б. бойынша кінәлі деп танылып, ол 2 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.