• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

«Samruk-Kazyna Trust» қоры Қоғамдық кеңес алдында есеп берді

2023 жылы «Самұрық-Қазына» қорының бірыңғай қайырымдылық операторы 7,2 млрд теңгеге 46 қайырымдылық жобаны жүзеге асырса, жыл басынан бері 16,5 млрд теңгеге 10 жобаны қаржыландырды.

30.04.2024
0
«Samruk-Kazyna Trust» қоры Қоғамдық кеңес алдында есеп берді
41
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Қайырымдылық қызметінің қорытындылары мен алдағы міндеттерін Қордың корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары  және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов пен Қордың бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының бас директоры Альфия Адиева кезекті Қоғамдық кеңес отырысында таныстырды. Отырысқа қоғам өкілдері, депутаттар, үкіметтік емес ұйым мен мемлекеттік органдар басшылары, сарапшылар қатысты.

Әлеуметтік жобалар денсаулық сақтау, әлеуметтік осал топтарды қолдау, білім, өңірлерді дамыту, мәдениет пен спорт салалары бойынша 13 өңірінде, соның ішінде «Самұрық-Қазына» компаниялары орналасқан аймақтарда жүзеге асты. Еліміз бойынша 524 мың адам көмек алды, оның ішінде 81 мыңы – ауыл тұрғындары. 400-ге тарта азамат жұмыспен қамтылды.

10 оңалту орталығы ашылып, 11 спорт кешені, 26 әмбебап спорт-ойын алаңдары салынды. «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы» жобасы арқылы 90 мыңға жуық ауыл тұрғындарына 1 миллионға тарта тегін медициналық және құқықтық көмек көрсетілді. Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін 23 қала мен елдімекенінде тегін инклюзивті және бейімделген спорт секцияларының желісі жұмыс істеуде. Алматы және Шығыс Қазақстан облысының 400-ге жуық ерекше балаға жазғы және күзгі инклюзивті лагерь ұйымдастырылды. Жанаөзендік 227 ауыл баласына білім беру гранттары беріліп, әлеуметтік осал топтан шыққан 15 мың бала оқу құралдарымен қамтамасыз етілді. Ақтөбе облысында алғаш рет Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы жаңғыртудан өтіп, креатив орталығы ретінде ашылды.

Қор ашықтық саясатын ұстана отырып, қаңтар айында «Самұрық-Қазына» компаниялар тобындағы 2023 жылдағы қайырымдылық қызметін қорытындылап, арнайы форум өткізіп, 300-ден астам қоғам, бизнес пен мемлекеттік органдар алдында есеп берген болаты..

Биыл Қор қайырымдылық қызметінде инклюзияға басымдық беріп отырғанын жеткізді. Инклюзивті ортаны дамыту аясында оңалту орталықтарын ашу жалғасын тауып, инклюзивті спорт кешендерін салуға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдауға арналған жобаларды іске асыруға айрықша назар аударылады.

Осыған дейін іске қосылған 37 оңалту орталығынан бөлек, алдағы уақытта аутизмі бар балаларға 7 орталық және 5 ерте араласу орталығы, Ақмола, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау және Түркістан облыстарында жыл сайын 50 мың адам спортпен айналысуға мүмкіндік беретін 6 инклюзивті спорт кешені ашылады.

Оңалту қызметін дамытумен бірге мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту  мәселесі жалғасын табады. 2024 жылдың алғашқы үш айында «Самұрық-Қазына» АҚ тобындағы компанияларға 114 ерекше қажеттілігі бар азамат жұмысқа тұрды. Бұл Қордың Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың тапсырмасымен жүзеге асуда.  Бүгінде Қордың QSamruk.kz бос орындар платформасында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнайы бөлім ашылып, оларға сұранысқа ие жұмыс орындары қолжетімді. «Samruk-Kazyna Trust» қоры арқылы 180 мүмкіндігі шектеулі азаматты AI, No Code әзірлеуші, UI/UX+Web маманы сияқты цифрлық мамандықтарға оқыту жобасы басталады. Оқытудан тыс, жоба аясында қатысушыларға жұмысқа орналасуына жәрдем жасалады.

«Самұрық-Қазына» бүгінгі таңда өңірлерде көптеген оңалту орталықтарын ашып, ерекше қажеттілігі бар жандарды қолдауға бағытталған жобаларды іске асырып келеді. Алайда, біз оңалтудан өткен ерекше балалардың ары қарай болашағын ойлап, олардың қоғамда әлеуметтенуіне, еңбекпен қамтылуына да назар аударымыз керек деп ойлаймыз. Осы бағытта сұраныстағы кәсіптерге оқыту мен жұмысқа орналастыру бойынша бастамаларды қолға алып отырмыз», – деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов Қоғамдық кеңес отырысында.

Әлеуметтік саланы одан ары дамыту мен қайырымдылық жобаларымен көпшілікті қамту мақсатында Қор жыл басынан бері белді бизнес өкілдерімен серіктестікті нығайтуға кірісіп, ірі кәсіпорындармен және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық орнатуда.  Қазіргі таңда «Шелл Қазақстан», «Оңтүстік тау-кен-химия компаниясы», «Қазақмыс» кәсіпорнымен және «Қазақстан халқына» қорларымен инклюзия, спорт, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған бірқатар жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.

Елімізде орын алған су тасқының салдарымен күресуге «Самұрық-Қазына» қоры «Samruk-Kazyna Trust» зардап шеккен өңірлерге 15 млрд теңге қаражат бағыттайды. «Туған елге саяхат» қайырымдылық жобасы аясында зардап шеккен өңірлерден және Қордың еншілес компаниялары қызметкерлерінің отбасыларындағы 400 бала саяхат пойызымен қамтылады.

Одан бөлек еншілес компаниялар тарапынан аймақтарға гуманитарлық көмек, арнайы техника жіберіліп, азаматтарды тасымалдау, волонтерлік көмек сияқты қосымша шаралар қабылданды.

Отырыста Қоғамдық кеңес мүшелері мен сарапшылар Қордың қайырымдылық қызметіне қатысты пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын жеткізді.

Мақала Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясаты тапсырысы негізінде жарияланды

Тегтер: «Samruk-Kazyna Trust» қоры Қоғамдық кеңес алдында есеп берді
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

08.05.2025
Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

08.05.2025
Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

08.05.2025
Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

08.05.2025
Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

08.05.2025
Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

08.05.2025
Қазақстанда қосымша пойыздар қосылады

Қазақстанда қосымша пойыздар қосылады

08.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты