Министрлік 2024 жылдың 4 мамыр, сенбідегі демалыс күнін 8 мамырға ауыстыруды ұсынды.
Осылайша 4 мамыр жұмыс күні болса, 7,8, 9 мамыр қатарынан үш күн демалыс болмақ.
7 мамырда — Қазақстан қарулы күштерінің күні тойланса, 9 мамыр — Жеңіс күні атап өтіледі.
Ел азаматтары ұсынысты 25 сәуірге дейін талқылап, Ашық НҚА порталында пікір білдіре алады.