Салыстырып тексеруден өтпеген өлшем құралдарын пайдалану өлшеулердің сенімсіз нәтижелеріне әкеп соғып, тамақ өнімдерінің сапасына әсер етеді.
Мысалы, зертхана пайдаланған тексерілмеген термометр ет немесе сүт өнімдерін тасымалдау немесе сақтау шарттарын өлшеген, бұл сайып келгенде адам денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.
Жүргізілген тексеру нәтижесінде заңды тұлғаға 424580 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды.
Сондай-ақ, Департаментпен заңның қайта бұзылуына жол бермеу және жауапкершілік және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнама нормаларын қатаң сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіліп, бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс берілді.
Техникалық реттеу және метрология комитетінің баспасөз қызметі