• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Бектенов су басқан өңір тұрғындарын әлеуметтік қолдау жөнінде тапсырма берді

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов су тасқыны салдарын жою шаралары жөнінде кеңес өткізді.

09.04.2024
0
Бектенов су басқан өңір тұрғындарын әлеуметтік қолдау жөнінде тапсырма берді
65
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мен тиісті министрлер тыңдалды. Бүгінде 8 мыңға жуық адам өз үйлеріне оралды.

Үкімет басшысы вице-премьер бастаған әлеуметтік блок министрліктеріне төтенше жағдайға тап болған тұрғындарға жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды.

Уақытша баспанамен қамтамасыз ету.

«Су тасқыны басталғаннан бері 86 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Қазіргі таңда уақытша орналастыру пункттерінде 8 472 адам тұрып жатыр. Эвакуациялау – уақытша шара. Үйлері тұруға жарамсыз деп танылған отбасылардың барлығын уақытша баспанамен қамту қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сонымен бірге қоныс аударғанға дейін эвакуациялау пункттерінің жұмысын қолдауға ерекше көңіл бөлу тапсырылды. Әкімдіктер тұрғындарды сапалы азық-түлікпен, тиісті санитариялық-гигиеналық құралдармен, қолжетімді медициналық қызметтермен қамтамасыз етуі керек.

Өз кезегінде, эвакуациялау пункттерінен уақытша тұруға қоныстандыру процесі икемді болуы керек. Егер су тасқыны болып өткен өңірлерде тұрғындар үйлерінде қалуды қаласа, әкімдіктер тиісті көмек көрсетуі қажет. Сонымен бірге, ұрлық-қарлыққа жол бермеу үшін қараусыз қалған үйлер Ішкі істер министрлігінің бақылауында болады.

Білім беру.

«Қазіргі уақытта еліміздің он өңірінде ТЖ режимі жарияланған. 130-дан астам мектеп қашықтан оқыту форматына көшірілді, бірақ эвакуация аймақтарындағы балалардың оқу процесі үзіліп қалды. Білім министрлігіне мектеп оқушыларын ағымдағы емтихандар мен сынақтардан босатуды тапсырамын. Сонымен қатар оларға жоғалтқан уақыттарының орнын толтыруға әрі қарай да көмектесу қажет» — деп атап өтті Премьер-Министр.

Сонымен қатар су тасқынының белсенді кезеңі аяқталғаннан кейін апатты аймақтардағы мұғалімдер мен оқушыларды техникалық құралдармен қамтамасыз ету мәселесін пысықтау тапсырылды.

Денсаулық сақтау.

«Біз ТЖ режиміндегі өңірлердің кейбір тұрғындары эпидемиологиялық жағдайға алаңдайтынын, зардап шеккен халық арасында жұқпалы аурулардың өршуінен қауіптенетінін көріп отырмыз. Денсаулық сақтау министрлігіне мәселені ерекше бақылауда ұстап, тұрғындарды ақпараттандыруды тапсырамын. Өңірлерде су тасқыны жағдайы тұрақталғаннан кейін аумақтарды тазарту және дезинфекциялық іс-шаралар жүргізу, су құбыры жүйелері мен құрылыстарын, орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жүйелерін тазарту және дезинфекциялау бойынша кешенді шаралар жүргізу қажет. Әкімдіктерге су жеткізу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша тапсырмалар берілді», — деді Үкімет басшысы.

Эпизоотиялық жағдай.

Су басқан аймақтардағы эпизоотиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Республикалық эпизоотияға қарсы жасаққа облыс әкімдіктерімен бірлесіп, жануарлардың өлексесін жинау мен жоюды жедел аяқтау тапсырылды. Жою шараларын жүргізу үшін тиісті жабдықтар, қызметкерлер және қажетті дезинфекциялық құралдар қарастырылған.

Инфрақұрылымды қалпына келтіру.

«Үйлердің құрылысы бойынша жеке тұрғын үйдің үлгілік жобасы әзірленуде. Сонымен қатар әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын, атап айтқанда мектептер мен балабақшалар, ауруханалар мен емханаларды жөндеуге басымдық беру маңызды. Құрылыс жұмыстарының сапасын қатаң бақылауда ұстау керек. Пәрменді тетікті пысықтап, оны барлық өңірлерге жеткізуді тапсырамын. Екіұшты түсіндірулер болмауы керек. қоғам өкілдерін процеске тартудың арқасында ақшаға бақылау күшейтілетін болады», — деп түйіндеді Премьер-Министр.

Үкіметтің баспасөз қызметі

Тегтер: әлеуметтік қолдауҚР Премьер-МинистріОлжас Бектеновсу тасқыныТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты