• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 18:42
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстанда «Qazaq Culture» бірегей жобасы іске қосылды

Еліміздегі мәдени мұраның сан түрлілігін көрсететін ауқымды жоба БҰҰ-ның алты ресми тілінде және қазақ, түрік тілдерінде ақпарат таратады.

Turan Redaktor Turan Redaktor
30.03.2024, 23:13
Қазақстан жаңалықтары
Қазақстанда «Qazaq Culture» бірегей жобасы іске қосылды
86
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми өкілі Эльвира Жүргенбаева мен «Qazaq Culture» сайтын әзірлеуші Мерей Зейнеш «Qazaq Culture» бірегей жобасын таныстырды.

Спикерлер Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпараттық-танымдық платформасын құрудағы басты мақсаты – елдің мәдени мұрасын насихаттау, ұлттық брендті таныту екенін атап өтті. Бұл сайт Қазақстан мәдениеті мен тарихы туралы тың мәлімет тарататын ақпарат көзі болатынын сөз етті.

Сайттың құрылуы Қазақстанның мәдени мұрасы мен алуан түрлілігіне әлемдік қоғамдастықтың назарын аударудағы маңызды қадам болып табылады. Қазақстанда, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерде мәдени құндылықтарды насихаттау Мемлекет басшысының ведомство алдына қойған басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Еліміздегі мәдени мұраның сан түрлілігін көрсететін ауқымды жоба БҰҰ-ның алты ресми тілінде және қазақ, түрік тілдерінде ақпарат таратады.

Ақпараттық порталда Қазақстанның бірегей мұрағат қорының деректері ерекше орын алады. Қазақстанның құжаттары мен мұрағат материалдарының бай тарихи жинағына қол жеткізуді қамтамасыз ететін бөлім – зерттеушілерге, тарихшылар және елдің өткеніне қызығатындар үшін баға жетпес ресурс.

Сайттың негізгі бөлімі –   елдегі, әлемдегі барлық мәдени жаңалықтардан хабардар ететін жаңалықтар блогы. Бұл бөлімде қызықты фестивальдар, жәрмеңкелер, конкурстар, сондай-ақ театр қойылымдары мен отандық кинокартиналардың премьералары, танымал және жас жазушылар кітаптарының тұсаукесерлері, көркем көрмелер, мерейтойлық мерекелер, түрлі көлемдегі өңірлік жобалар жарияланатын болады.

Сондай-ақ, платформада еліміздің өнері мен мәдениетіндегі соңғы жаңалықтар қамтылатын отандық мобильді қосымшалар туралы ақпарат беріледі.

«Қазақстан мәдениеті жасанды интеллект призмасы арқылы» бөлімі виртуалды шындық арқылы барлық өңірлер мен олардың көрікті жерлерін зерттеуге  мүмкіндік береді.

Порталда ақпараттық технологияларға ерекше мән берілген.

«Qazaq Culturе» көрермендерге виртуалды 3D-турлар арқасында Қазақстанның түрлі өңірлеріне сапар шегіп, олардың көрікті жерлерін зерттеуге таптырмас мүмкіндік береді. Ал жасанды интеллекттің көмегімен сайтқа кірген әр қонақ фотосуретін енгізіп, өзін батыр немесе Ұлы дала жауынгері бейнесінде көре алады.

Сайтты дайындау барысында шетелдік озық тәжірбиелер пайдаланылды. Атап айтқанда, тіркеліп, жазылу арқылы туристер белгілі бір қаланың немесе жалпы елдің кез келген музейлеріне (Түркия тәжірибесі) бара алатын бірыңғай билетті онлайн рәсімдеу қарастырылған.

Сайттың басты ерекшелігі – делдалдар қызметі үшін артық қаржы жұмасамай, барлық мәдени нысандарға кіретін бірыңғай билет жүйесі. Бұл қызметті қосу арқылы «Астана Хаб» Айти акселераторының стартапын қолдау көзделген. Портал қолданушыларына ыңғайлы болу үшін белгілі бір мәдени іс-шараның билетін сатып алуға сілтеме беріледі.

«Qazaq Culture» — Қазақстанның мол мәдени мұрасы мен терең тарихына қызығушылық танытатындар үшін әмбебап құрал.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50
Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.