• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Қарашөкеев: Жеңілдетілген несиелерге қатысты түсіндірме жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуі тиіс

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте құрылыс нысандарының жобалық-сметалық құжаттамаларының әзірлену барысы мен көктемгі дала жұмыстарының жай-күйі талқыланды.

26.03.2024
0
Ербол Қарашөкеев

Ербол Қарашөкеев

101
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Абдралиеваның бұған дейін басталған және дайындалу кезеңіндегі жобаларға жасалған талдау қорытындысы туралы баяндады.

Аймақ басшысы жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеудегі кемшіліктерді сынға алып, салынатын нысандардың сапалы болуында құжаттама жұмыстарының маңыздылығын баса айтты.

Бюджет қаражатының тиімді жұмсалуы қажеттігін ескерткен облыс әкімі құрылыс басқармасына ЖСҚ-ны тапсырыс беруші тараппен бірлесе дайындау бойынша бірқатар нақты міндеттер жүктеді.

Ал ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Мұқашев көктемгі егіс-дала жұмыстарына тоқталып, биыл облыста 644,5 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланып отырғандығын жеткізді. Оның ішінде дәнді және дәнді бұршақты дақылдар – 364,7 мың гектарға, майлы дақылдар – 45,8, қант қызылшасы – 7,9, картоп – 4,5, көкөніс – 23,1, бақша дақылдары – 7,9 мың гектарға және мал азығы дақылдары – 190,5 мың гектарға егіледі деп көзделуде.

Бүгінде дала жұмыстарына қажетті 44,8 мың тонна тұқымның 42,9 мың тоннасы дайындалып, Байзақ, Жамбыл және Меркі аудандарында көктемгі дала жұмыстары басталды. 1 280 гектарға арпа, 225 гектарға көкөніс пен 32 гектарға картоп егілді.

Басқарманың ақпаратына сәйкес, биыл суды тиімді пайдалану мақсатында облыстағы су үнемдеу технологиялары пайдаланатын алқапқа қосымша 7 мың гектар қосылуда. Соның есебінен жалпы 47 мың гектар су үнемдеу технологияларын енгізу жоспарлануда.

Облыс әкімі аудандардан жеке-жеке жауаптар алып, ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы, жанар-жағармайды жеткізу ісіндегі шараларды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, көктемгі дала жұмыстары сапалы әрі уақтылы жүргізілуі қажеттігін ескертті.

Кабинетте ортырып, сапасыз ақпарат бермей, өздеріңіз аралап, көзбен көріңіздер. Бізге қағаз бойынша көрсеткіштер емес, нақты ақпарат керек. Шаруалармен тығыз байланыста болыңыздар. Сондай-ақ мемлекеттік қолдау мен жеңілдетілген несиелерге қатысты түсіндірме жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуі тиіс, — деген облыс әкімі жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

Жамбыл облысының әкімдігі

Тегтер: егін алқаптарыЕрбол ҚарашөкеевЖамбыл облысыжеңілдетілген несие

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты