Диляра Аленова халықаралық құқық мамандығы бойынша ҚазГЗУ университетін бітірген.
Еңбек жолын 2014 жылы тілші болып бастады. Әр жылдары Қазақстан президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде, Қазақстан республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінде, «Қазконтент» АҚ-да, Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметінде жұмыс істеді.
«Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ басшысы, Алматы қалалық Қоғамдық даму басқармасы коммуникациялық іс-тәжірибелер бөлімінің басшысы, Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы болып жұмыс істеген.