2023 жылғы 6 қазаңда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Кездесуде азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау шараларын күшейту, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, әлеуметтік сақтандыру жүйесін жаңғырту мәселелері талқыланатын болады.
Вице-министрге жолданатын сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналары арқылы жіберуге болады: ҚР ЕХӘҚМ ресми интернет-ресурсы арқылы (www.gov.kz), электрондық үкімет порталы Egov.kz, «Е-Өтініш» азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы (suraqtar.kz).
Сондай-ақ, телефон арқылы хабарласуға болады: 8 (7172) 74 37 23, 74 36 79.
Азаматтарды қатысуға және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне сұрақтар қоюға шақырамыз.