«Алдағы күндері атмосфералық бөлімдердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде найзағай, екпінді жел, жаңбыр күтіледі.
Солтүстік пен шығыста бұршақ жаууы ықтимал, 27 шілдеде облыстың шығысында қатты жаңбыр күтіледі.
Солтүстік-батыс антициклонының сілемімен 25-26 шілдеде оңтүстікте, 27 шілдеде елдің батыс аймақтарында жауын-шашынсыз күн райы қалыптасады.
Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді», — делінген синоптиктер мәліметінде.