Жамбыл облысында 7,7 мың көпбалалы және 16,2 мың әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасылар үй кезегінде тұр. 5 көп қабатты тұрғын үй апатты жағдайда. Бұл туралы «Amanat» партиясының облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов мәлімдеді.
Төрағаның сөзінше алдағы 5 жылда партия әлеуметтік тұрғын үйлердің құрылысын жүргізуге, инженерлік инфрақұрылымын дамытуға атсалыспақ.
Атап айтқанда, 2027 жылға дейін 9,1 мың пәтерлік 156 тұрғын үй салу мен жеке тұрғын үйлер салу үшін 31 тұрғын алқаптарында кемінде 13,3 мың жер телімін беруге бастама көтеретін боламыз.
Бастысы, алдағы 5 жыл ішінде 9 мың отбасы, оның ішінде 1,6 мың көпбалалы және әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасы баспаналы болады.