• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 18:57
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бюрократиядан арылту және цифрландыру адамдардың өмірін жеңілдетуге бағытталуы тиіс – Ғ. Қойшыбаев

turan_admin turan_admin
13.01.2023, 12:03
Қазақстан жаңалықтары
Бюрократиядан арылту және цифрландыру адамдардың өмірін жеңілдетуге бағытталуы тиіс – Ғ. Қойшыбаев
212
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Үкімет үйінде мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту және қоғам өмірінің барлық қырларын цифрландыру мәселелері талқыланды. Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР Үкімет Аппаратының Басшысы Ғалымжан Қойшыбаевтың төрағалығымен өткен кеңеске цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, осы ведомствоның вице-министрлері және орталық мемлекеттік органдар аппараттарының басшылары қатысты.

Ғ. Қойшыбаев цифрлық технологияларды енгізу және бюрократиядан арылту мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігін арттырып қана қоймай, бірінші кезекте қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға ықпал ететінін атап көрсетті.

«Биыл дебюрократизациялау және цифрландыру мәселелерінде бірқатар серпінді қадамдарды жүзеге асыруымыз керек. Ең алдымен, мұнда халықтың бірінші кезектегі қажеттіліктеріне ерекше назар аударған жөн. Бұл жұмыс Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі жарлықты және Президенттің Сайлауалды бағдарламасын орындау шеңберінде кешенді түрде жүргізілуде», — деді Ғ. Қойшыбаев.

Аталған міндеттерді шешу қалай іске асырылатыны туралы Б. Мусин баяндады. Мәселен, жасалып жатқан жұмыстың барлығы адамның мүддесіне қызмет етуі керек.

«Біз цифрландыру әрбір қазақстандыққа бағытталуы тиіс екенін түсінеміз. Онлайн-режимде автокөлікті қайта рәсімдеу, туу туралы куәлік алу сияқты азаматтарымыздың өмірін едәуір жеңілдеткен жұмыстар іске асырылуда. Алайда әрі қарай даму керек. 10 негізгі өмірлік жағдайды анықтадық, оларды толығымен қарастырып, өзіміз үшін проактивті мемлекеттік қызметтерді енгізу бойынша жұмысты жалғастыратын негізгі сәттерді белгіледік», — деді Б. Мусин.

Сонымен қатар министр мемлекеттік қызметшілерге, азаматтарға және бизнеске әсер ететін бюрократиядан арылту процесінің үш негізгі бағытын белгіледі. Мәселен, мемлекеттік қызметшілер үшін деректер негізінде шешімдер қабылдауды жеделдету үшін есеп беруді автоматтандыру, азаматтар үшін Отбасының цифрлық картасын (құжаттарды қажет етпейтін проактивті қызметтер) енгізуді, бизнес үшін таза парақтан реттеуді жүргізу жоспарлануда.

Кеңесті қорытындылай келе, Ғ. Қойшыбаев цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлеріне цифрлық трансформацияны ілгерілетудің маңызды екенін еске салды.

«Бюрократиядан арылту тек мемлекеттік органдардың жұмысын жеңілдетумен ғана шектелмеуі керек. Оны еліміздің азаматтары өздерінің күнделікті өмірінде сезінуге тиіс. Бұл мәселені шешу үшін біз адамның мүддесіне бағытталған тәсілді жүзеге асырамыз, ол мемлекеттік аппараттың халықпен өзара іс-қимыл жасауына тікелей әсер етеді», — деп түйіндеді Ғ. Қойшыбаев.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50
Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.