• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 18:43
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Үкіметте инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі ұсыныстар қаралды

turan_admin turan_admin
12.01.2023, 11:44
Қазақстан жаңалықтары
Үкіметте инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі ұсыныстар қаралды
186
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысында Үкіметтің инвестициялық блогының жұмысын күшейту жөніндегі ұсыныстар қаралды.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2022 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі шамамен 15 трлн теңге болғанын мәлімдеді. Бұл – жоспардың 94%-ы. Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта инвесторлар сыртқы экономикалық жағдайды бақылап, аңысын аңдап отырғанына қарамастан, инвестициялық белсенділік біртіндеп қалпына келуде. Бұл ретте республиканың шикізаттық емес секторына салынған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі өсіп келеді.

Инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту мақсатында бірқатар кешенді шараны іске асыру ұсынылып отыр. Атап айтқанда, мемлекеттік преференциялар алу үшін органдардың өтінімдерін келісу мерзімін қысқарту және мемлекеттік қолдау шараларына ие болу үшін инвестициялардың шекті көлемін азайту ұсынылды.

Премьер-Министр бұл тәсілдерді қолдап, артықшылықтар берілетін қызметтердің басым бағыттарының тізбесін мұқият пысықтап, жаңа ережелерді бекіту кезінде барлық өңірлік ерекшеліктерді ескеру қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар отырыста Инвестициялар туралы келісім бекіту тетігін жетілдіру, өңірлердің инвестициялық рейтингін енгізу және қолданыстағы заңдар мен кодекстерде көзделген мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруды жандандыруға мүмкіндік беретін инвесторлар үшін арнайы НҚА әзірлеу мәселелері талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министр республиканың инвестициялық ахуалын жақсарту жөнінде қосымша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Бұл ретте Үкімет басшысы заңның үстемдігін қамтамасыз ету, яғни құқық қорғау және бақылаушы органдар тарапынан бизнеске қысымды төмендету жөніндегі шараларға баса назар аудару қажеттігін атап өтті.

«Бизнеске қатысты қылмыстық істерді қозғауға түрткі болатын негізсіз себептерді алып тастау үшін Қылмыстық іс жүргізу кодексін қайта қарау қажет. Әділет министрлігіне тиісті тапсырма берілді, бұл жұмысты күшейтіп, аталған мәселені жан-жақты қарастыру керек. Кәсіпкерлер тап болып отырған шынайы проблемаларға тереңірек үңіліп, жылдам әрі нақты нәтиже беретін тиімді шараларды әзірлеу қажет», — деді Әлихан Смайылов.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50
Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.