• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 20:32
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту халықтың өмір сүру ұзақтығын және әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді

turan_admin turan_admin
23.11.2022, 10:55
Қазақстан жаңалықтары
Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту халықтың өмір сүру ұзақтығын және әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді
117
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылуы туралы баяндады.

Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше, бүгінде ауылда шамамен 8 млн адам (бұл ел халқының 41%-ы) тұрады. Ауыл тұрғындарына 5 мыңнан астам медициналық ұйым медициналық көмек көрсетеді.

«Жалпы медициналық-демографиялық жағдай елімізде тұрақты. Ресми статистика бойынша халықтың денсаулығы жақсарып, өлім-жітім 21,3%-ға төмендеді. Ауыл халқы денсаулығының талдауы бірінші орында 42,7% тыныс алу ағзаларының ауруларынан зардап шегетінін көрсетеді, ас қорыту – 9%», — деді денсаулық сақтау министрі.

Бүгінде ауылдық жерлерде 67 мыңнан астам медицина қызметкері, оның ішінде 13 мың дәрігер және 54 мың орта медицина қызметкері жұмыс істейді.

А. Ғинияттың айтуынша, медицина кадрларын ауылға тарту үшін түлектердің міндетті түрде 3 жылдық жұмыс істеу нормасы қабылданды, келген әрбір дәрігерге 1-2 миллион теңгеге дейін көтерме жәрдемақы бөлінеді, ал кейбір әкімдіктер үш-бес миллионға дейін бөледі. Жыл сайын клиникалық бейіндегі 1500 медицина кадрын даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінеді, түлектерді өңірлерге бөлу жүзеге асырылады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы үш жылдың ішінде резидентураға берілетін гранттардың санын жыл сайын 70%-ға ұлғайтуды қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар резиденттер ауылда міндетті практикадан өтетін пилоттық жоба пысықталуда.

Осы жылы практикалық денсаулық сақтау қажеттіліктеріне сәйкес өңірлерге 1872 жас маман, оның ішінде ауылға – 444 дәрігер бөлінді.

«Шалғай ауылдардың тұрғындарына медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында көлік медицинасы дамыған. Медициналық көмек және консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсететін 149 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді. Биыл еліміздің 10 өңірінде 64 мың тұрғынға медициналық көмек көрсеткен 2 «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздары қайтадан іске қосылды.  Медициналық авиацияны ауыл тұрғындарын тасымалдайтын және шұғыл көмек көрсететін 33 әуе кемесі жүзеге асырады», — деді Ажар Ғиният.

 

Ауылда жедел медициналық көмек көрсету үшін 595 бригада жұмыс істейді, 1,7 млн шақыртуға қызмет көрсетілді.

Ауылда медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған «адамға бағдарланған тәсіл» медициналық-санитариялық алғашқы көмектің озық тәжірибелерінің жобалары енгізілуде. Мысалы, пациенттерді қолдау қызметі, ақпараттандырылған қоғамдық мониторинг және халықпен кері байланыс механизмі, инфекциялық емес ауруларды ерте анықтау, ауруларды басқару бағдарламалары, дұрыс тамақтануды, өмір салтын үйрету, әмбебап прогрессивті патронаж үлгісі, отбасын жоспарлау, ер адамдардың денсаулығын жақсарту, баланы дамыту кабинеттері бар.

Денсаулық сақтау министрі биыл Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының аудандық емханасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймағына мүше 53 мемлекет үшін медициналық-санитарлық алғашқы көмек бойынша демонстрациялық алаң болып танылғанын атап өтті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзінің Еуропалық аймағының үш елінде: Қазақстан, Испания және Швецияда демонстрациялық алаңдар ашты.

Емханалар деңгейінде үздік тәжірибелерді енгізумен қатар, көпбейінді аудандық орталық ауруханалар деңгейінде медициналық көмек көрсету тәсілдері жетілдіріліп жатыр. Әлемдік және отандық тәжірибеде қолданылатын диагностика мен емдеудің заманауи әдістері қолданылатын Абай облысының Аягөз көпбейінді аудандық орталық ауруханасында да стандарттарды енгізудің және іске асырудың ең үздік тәжірибесін де атап өткен жөн.

Коронавирус инфекциясының пандемиясы жылдарында шектеу шараларына байланысты ауыл тұрғындарына мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігі төмендеді. Ауруларды ерте анықтау және уақытылы емдеу үшін ауқымды профилактикалық қарап-тексерулер енгізіліп жатыр. Жыныстық-жас құрамын, халықтың денсаулығын талдауды ескере отырып, нысаналы топ пен ауыл тұрғындарын қызметтерінің тізбесі кеңейтілді. 20 қазаннан бастап ауылдарда профилактикалық қарап-тексерулер бүкіл ел бойынша жүргізілуде.

Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге кірмейтін дәрілердің қолжетімділігін арттыру үшін салалық заңнамаға ауылдық медициналық ұйымдарда дәріхана пункттерін құру жөніндегі норма енгізілді. Осы жылдың 4 айында 230 елді мекенде 75 мемлекеттік және 161 жеке дәріхана ашылды.

«Ауылдық денсаулық сақтауды цифрландыру бойынша шаралар қабылдануда. Ауылдық денсаулық сақтау объектілерінің 86,1%-ы интернетке қосылған, жұмыс орындарының 91,1%-ы компьютерлермен жабдықталған, 81% медициналық ұйым госпитальдық ақпараттық жүйелерді енгізген», — деді денсаулық сақтау министрі.

санитарлық алғашқы көмек ұйымдары үшін 307 және көп бейінді аудандық орталық ауруханалар үшін 793 медицина қызметкерін құрайды. Әкімдіктермен бірлесіп бұл мәселе медицина кадрларын әлеуметтік қолдау және қайта даярлау шеңберінде шешілетін болады. Еліміздің 7 медициналық университетінде 2022-2024 жылдар аралығында 2 843 бейінді маман даярланады», — деді А. Ғиният.

Ұлттық жоба шеңберінде мынадай жұмыстар жүргізілді:

  • Эскиздік жобалар, бас жоспар, жұмыс жобасы (сәулет шешімдері бөлімі) әзірленді;
  • денсауық сақтау саласындағы ұлттық операторға жобалау қызметін жүзеге асыру және инжинирингтік қызметтер көрсету жөніндегі функциялар берілген;
  • ұлттық жобаны қаржыландыру ағымдағы жылғы 15 қарашада Республикалық бюджет комиссиясының отырысында мақұлданды;
  • «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасын бекіту туралы» Үкімет қаулысының жобасы әзірленіп, мемлекеттік органдармен, облыстардың  әкімдіктерімен келісілді және Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізілді.

Жоба 217,7 млрд теңге көлемінде қаржыландыруды (РБ қаражатының есебінен) талап етеді оның ішінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектілерінің құрылысына және 32 көпбейінді аудандық орталық аурухананы ұйымдастыруға.

Жобаны іске асыру нәтижесінде болатын әлеуметтік әсер:

Халық үшін:

– Профилактикалық қарап-тексерулердің, скринингтердің қолжетімділігін арттыру, ауруларды ерте анықтау (медициналық-санитариялық алғашқы көмек).

– 4 млн ауыл тұрғынына мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмектің қол жетімділігін арттыру.

– инфаркт, инсульт, жарақат және басқа да жағдайлар кезінде ауыл тұрғындарына уақтылы шұғыл медициналық көмек көрсету («алтын сағат»қағидатын сақтау).

– қанайналым жүйесі ауруларынан (инфаркт, инсульт және т.б.) болатын өлім-жітімді төмендету.

Медицина қызметкерлері үшін:

– еңбек жағдайларын жақсарту;

– жаңа технологияларды енгізу мүмкіндігі;

– еңбекақы мен кірісті арттыру;

– оқыту және біліктілікті арттыру

Мемлекет үшін — Халықтың өмір сүру ұзақтығын және әлеуметтік әл-ауқатын арттыру.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50
Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.