Өз кезегінде инвесторлар жобалармен жұмыс істеу кезінде туындаған бірқатар проблемалық мәселелерді көтерді. Әлихан Смайылов мемлекеттік органдарға оларды мұқият қарап, заңнама шеңберінде жәрдем көрсетуді тапсырды.
Сонымен қатар Премьер-Министрге өңірдің негізгі бағыттары тарихи-танымдық, қажылық, емдік-сауықтыру, эко және этнотуризм болып табылатын туристік саласының даму қарқыны туралы баяндалды. Атап айтқанда, Әлихан Смайыловқа «Қасқасу» туристік-рекреациялық кешенінің жобасы таныстырылды, онда күніне 4 мыңға жуық адам демалатын болады.
«Жыл бойына сапалы қызмет көрсететін туризм нысандарының экономикалық тиімділігі қашанда жоғары болмақ. Меніңше, Түркістан облысының осы бағытта әлеуеті зор», — деді Әлихан Смайылов.
Сондай-ақ ол туристермен жұмыс істеу үшін білікті кадрларды даярлау сапасына да назар аудару керектігін атап көрсетті.
Премьер-Министр жұмыс сапары аясында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығын абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты






