• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 20:33
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстан мен Түркия арасында аэроғарыш өнеркәсібі саласын дамыту бойынша меморандум бекіді

turan_admin turan_admin
14.10.2022, 12:45
Қазақстан жаңалықтары
Қазақстан мен Түркия арасында аэроғарыш өнеркәсібі саласын дамыту бойынша меморандум бекіді
175
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бұл туралы өзінің Telegram арнасында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді. «Түркия президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында бүгін Түркияның Қорғаныс өнеркәсібі агенттігінің басшысы, әріптесім Исмаил Демир екеуміз аэроғарыш өнеркәсібі саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойдық.

Меморандум спутниктік байланыс пен телехабар тарату салаларында ғарыштық жүйелерді құруға, жерді қашықтықтан зондтау, технологиялық және ғылыми мақсаттарда ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді.

Жалпы, Түркиялық әріптесімді ғарыш саласы бойынша атқарылып жатқан жобалармен таныстырып, ғарыштық мониторинг пен жерді қашықтықтан зондтау бағытындағы жұмыстармен таныстырдым. Сондай-ақ, арнайы конструкторлық технологиялық бюроның өндірістік алаңдарын және «Ғалам» ЖШС-дегі шағын ғарыш аппараттарын сынау зертханасын араладық.

Сондай-ақ жерді қашықтықтан зондтау деректерімен алмасу, спутниктерді әзірлеу жөніндегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың кооперациясы, спутниктік жүйелерді құру сияқты бағыттардағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқыладық. Бұдан бөлек, мемлекеттік органдар және жеке компаниялар деңгейінде бірлескен жұмысты дамытып, тығыз байланыс орнатуға уағдаластық.

ЖҚЗ жерсеріктерін бірлесіп пайдалану мәселесіне тоқталып өтсем. Біз бұл жүйеден бас тартпаймыз және ғарышта жерсеріктердің болуы мен санының артуын ары қарай қадағалайтын боламыз, себебі ол Қазақстан халқының әлеуметтік және экономикалық игілігін арттыру жолында өз ықпалын тигізбек. Бірақ қазіргі әлемде жерсеріктік аппараттарды жеке  дара иеленуге байланысты шығындар, бірінші кезекте экономикалық тәуекелдерді тудырады.

Былайша айтқанда, қашықтықтан зондтау жерсерігі Қазақстанның қажеттіліктері үшін ұшырылатын болса, іс жүзінде біз оның 10 пайызын ғана   пайдаланамыз. Оның мүмкіндіктерін барынша пайдалану үшін барлық елдер деңгейінде жаһандық сатылымдарды құра білу қажет. Қазіргі уақытта әлемнің sharing economy бағытына бет бұрып келе жатқаные ескере отырып, әріптесіміз екеуміз елдеріміздегі спутниктік жүйелер топтамасын бірлесіп құру және пайдалану мүмкіндігін қарастардық. Сондай-ақ түркі елдерінің жерсеріктер топтамасын құру мүмкіндігі талқыланды.

Демир мырзамен біз нақты техникалық және коммерциялық мәселелерді талқылау үшін тәжірибе алмасуды дамыту қорытындыға келдік. Екі ел арасында келісімдер жасалып, оны жүзеге асыру процесі басталса, басқа түркі елдері де жобаға қызығушылық танытатынына сенімдімін»- деді Бағдат Мусин.

https://t.me/bagdat_mussin_official/9

 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50
Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.