Шағымдары көбейген аудандар белгілі болды деп хабарлайды «TURANINFO.KZ» ақпарат агенттігі.
АНТИЛИДЕРЛЕР: ҚОРДАЙ, ЖУАЛЫ, САРЫСУ, МОЙЫНҚҰМ
ЛИДЕРЛЕР: Т.РЫСҚҰЛОВ, МЕРКІ, БАЙЗАҚ, ЖАМБЫЛ, ТАЛАС
Өтініштердің жалпы санынан қала, аудандарға бөліп қарағанда 2022 жылы облыс әкімдігінің аппараты және басқармаларына – 7 060 (2021 жылда -6 770) яғни 4,2 %-ға артқан, Тараз қаласында – 14 688 (2021 жылда – 14 092) яғни 4,2 %-ға артқан, Қордай ауданында – 2 273 (2021 жылда — 614) яғни 270 %-ға артқан, Меркі ауданында – 1 478 (2021 жылда – 2 010) яғни 35,9 %-ға кеміген, Байзақ ауданы бойынша – 1 562 (2021 жылда – 1 675) яғни 7,2 %-ға кеміген, Шу ауданында – 2 377 (2021 жылда -2 290) яғни 3,7 %-ға артқан, Жамбыл ауданы бойынша – 1 256 (2021 жылда -1 578) яғни 25,6 %-ға кеміген, Жуалы ауданы бойынша – 1 370 (2021 жылда -570) яғни 140 %-ға артқан, Т.Рысқұлов ауданы бойынша – 740 (2021 жылда – 1 643) яғни 122 %-ға кеміген, Сарысу ауданы бойынша – 608 (2021 жылда — 378) яғни 60,8 %-ға артқан, Талас ауданында – 692 (2021 жылда -831) яғни 20 %-ға кеміген, Мойынқұм ауданы бойынша – 461 (2021 жылда -339) яғни 35,9 %-ға артқан.
Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарына 2022 жылдың 6 айында жеке және заңды тұлғалардан 34 565 өтініш түскен (2021 жылы 33 790 өтініш тіркелген), яғни 775 өтінішке немесе 2,3 %-ға пайызға артқан. Оның ішінде: — арыздар – 29 515 (2021 жылда – 29 081), яғни 1,4 %-ға артқан; — шағымдар – 635 (2021 жылда — 605), яғни 9,8 %-ға артқан; — басқа да өтініштер – 4 415 (2021 жылда – 4 104) немесе 7,5 %-ға артқан. Ақпарат үшін: өтініштердің жалпы санынан бөліп қарағанда 13 616 (46%) қанағаттандырылған, 17 224 (49%) түсінік берілген, 3 725 (5%) жолданым басқада ұйымдарға жолданған.
• жер және жерді пайдалану мәселесі – 12 532 (36 %);
• еңбек және халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек көрсету мәселесі – 7 131 (22,7 %);
• тұрғын жай — коммуналдық шаруашылық мәселесі – 5 318 (10,5 %);
• тұрғын үй мәселесі – 4 801 (12 %); • білім саласы – 1 479 (7,3 %);
• кәсіпкерлік саласы мәселесі – 998 (3 %);
• әртүрлі мәселелер – 2 306 (8,5 %).