• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Абырой

Сарысу ауданында қылмыс деңгейі 35,8 пайызға төмендеді

13.09.2022
0
Сарысу ауданында қылмыс деңгейі 35,8 пайызға төмендеді
338
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Ел Президенті өз Жолдауындағы бесінші бағдарды заң мен тәртіпке арнап, қылмыспен күрес мәселелеріне ерекше назар аударды. Құқық қорғау органдарына нақты тапсырмалар беріліп, көптеген міндеттер жүктелді. Бұл өз кезегінде осы сала қызметкерлерінің жауапкершілігін күшейтіп отыр. Осы мақсатта облысымыздың аудандарында қандай шаралар атқарылып жатқанын, жалпы қылмыстың ахуалын білу үшін Жамбыл облысы Полиция департаментінің Сарысу аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Асхат Алметовпен сұхбаттасқан болатынбыз. 

  • Асхат Аманқұлұлы, жалпы осы Сарысу өңірінде қызмет жасап жүргеніңізге тура екі жылдың жүзі болыпты. Осы аралықта қылмыспен күрес жолында қандай үлес қостыңыз, қандай жұмыстар  атқарылды?

Жалпы бізді қай аумаққа жіберсе де, сол жерге пайдамды тигізіп, әрбір жағдай үшін алаңдап, ауданның өркендеуі үшін үлес қосуға тырысамын. 

Сарысу жеріне келгелі қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен қалаға 55 бейнебақылау камерасы орнатылды. Аудандық әкімдіктегі 40 камера бақылап отыру үшін полиция бөліміне әкелініп, тәулік бойы тәртіпті қадағалауға үш қызметкер арнайы бөлінді. Сондай-ақ, 5 мектепке дабыл түймесі қойылып, полицияның кезекші бөліміне біріктірілді. 

Бұрын бұзушылық жасаған автокөліктерді Тараз қаласына алып баратын болса, қазір Жаңатас қаласына жаңа үлкен айыппұл тұрағы салынды. Онда 4 камера орнатылып, күзетшілер қойылды. 

Сонымен қатар, қараусыз жүрген, ұрланған және жоғалған малдарды уақытша қамауға арналған екі қора-жай салынды. 

Жоғалған малдарды құмды, таулы аумақтарда іздеу жұмыстарына  дрон, тергеушілер мен жедел уәкілдерге бес моноблог компьютерлері табыс етілді.

Учаскелік және патрульдік инспекторларымызға 25 дана электрондық планшет берілді. 

Аудан әкімі учаскелік инспекторларға жаңа 17 «Нива» маркалы автокөлігін тапсырды. 

Барлық учаскелік пунктер күрделі жөндеуден өткізіліп, барлығы 100 пайыз бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілді.

Бұның барлығы қызметкерлердің қолайлы жағдайда жұмыс жасауына септігін тигізеді.

  • Ауданда қылмыс деңгейі қалай?

Былтырғы жылмен салыстырғанда ауданда қылмыстылық деңгейі едәуір төмендеп, криминогендік ахуал тұрақтанған деп толық айтуға болады. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде құқық бұзушылықтар саны азайып, аудан аумағында орын алған қылмыстар 35,8%-ға, яғни 137-ден 88 дерекке төмендеп отыр. Ал қылмыстардың ашылу көрсеткіші 62,1%-дан, 80,6%-ға жоғарылады. 

Аса ауыр және ауыр қылмыстар 21,7%-ға, орта санаттағы қылмыстар 51%-ға азайған. Онша ауыр емес санаттағы қылмыстардың тіркелуі 36,0%-ға төмендеген. Адам өлтіру дерегі бойынша бірде бір қылмыс орын алған жоқ.

Денсаулыққа қасақана дене жарақатын салу бабымен қылмыстардың тіркелуі  25,0%-ға төмендеп отыр. Ал ашылу көрсеткіші – 100%-ды құрайды.

Қылмыстың көп орын алатын түрлерінің бірі бөтеннің мүлкін ұрлау – 19,0%-ға, мал ұрлықтары – 33,3%-ға, ұялы телефон ұрлығы – 37,5%-ға азайған. Алаяқтық деректері – 62,1%-ға төмендеп отыр. 

Сондай-ақ, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың саны – 35,7%-ға, сотты болғандармен жасалған қылмыстардың саны -18,2%-ға төмендеді.

  • Халыққа қаншалықты жақынсыздар?

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Баймурзин Арманбек Хакимбекұлының тарапынан да полиция бөлімінің қызметкерлеріне қойылған талап мықты. Осы орайда қоғамда билік пен халық арасында ашық диалог орнауы қажет. Президент заман талабына сай мемлекет құру үшін алдымен азаматтардың барлық өтініш-тілегін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру қажеттігін алға тартты.
Бұл ретте біз үшін халықпен тиімді кері байланыс орнату, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару ең алдыңғы міндеттердің бірі.

Бізде әр тоқсан сайын халыққа есеп беру кездесулері болып тұрады. Тұрғындармен кездесіп қандай жағдайлар болып жатқанын сұрап, шешімі табылмай жатқан мәселелерді жіті қараймыз. Одан бөлек, әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде халықтың алдында есеп беремін. 

Сонымен қатар, ПД бастығының нұсқауымен тұрақты түрде азаматтарды жеке қабылдаулар жүргіземіз. Нақтырақ тоқталар болсам жыл басынан бері 128 азамат менің қабылдауымда болып, барлығының мәселелері өз шешімін тапты.

Бізге әртүрлі жағдайлармен арызданады. Әсіресе, мал ұрлығы, жер дауы, отбасылық шағымдар жиі түсіп жатады.

— Кәмелетке жасы толмағандармен қандай жұмыстар атқарылуда?

— Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың алдын алу, құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында, жасөспірімдердің ойын-сауық орындарында түнгі мезгілде жіберілмеуі және оларға темекі мен алкогольдік өнімдердің сатылмауы бағытында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Дүкендер қатаң бақылауға алынып, кешкі және түнгі мезгілде көңіл көтеру мекемелерінде ата-аналардың қарауынсыз жүрудің алдын-алу мақсатында мобильдік топ құрылып, қазіргі уақытта күшейтілген жұмыстар атқарылуда.

— Ішкі істер бөлімінің ардагерлерімен байланыс бар ма?

— Ия, қашанда үлкеннен өнеге алып, білмегенді үйренуді тоқтатқан емеспіз. Ардагерлеріміз әрдайым алдыңғы сапта. Бізбен бірге тірек пункттерінде елге түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, көмектесіп келеді. Ардагерлер кеңесінің төрайымы болып Жұмакүл Шакирова бірауыздан мақұлданған. 

— Сіздердің әр күніңіз неден басталады? Бір күнге шолу жасасақ?

— Бізде қызметте күнделікті бір жұмыс қайталанбайды. Әр күні әртүрлі тапсырмалар түседі. «102»-ге түскен шақыртулар бойынша шұғыл шаралар қабылдаймыз. Мысалы, мен таңғы 07.30-да полиция бөліміне барамын. Полиция генерал-майоры Арманбек Хакимбекұлы тарапынан нақты тапсырмалар беріледі. 

Сонымен қатар, күнделікті жұмыстан шыққан соң түнде қаланы жаяу аралап, ахуалды бақылауды әдетке айналдырғанмын. Ауылдық аймақтарға да күнара шығып, рейдтік жұмыстарға қатысамын. 

  • Сіздіңше полиция қызметкері болу үшін қандай қасиеттер керек?

Полиция қызметкері болу үшін білім де, білік те, білек те керек. Сабыр, төзім және қажыр-қайрат қажет. Шапшаңдық пен жылдамдық, тез шешім қабылдап, жылдам әрекет ете білу қабілеті полицейге қажетті басты қасиеттердің қатарында. Ұстамды болуы, азаматтармен тіл табыса білуі, сыпайы болуы да аса маңызды. 

Бүгінгі таңда полиция қызметкерлерінің тек мінездемесі мен кәсіби біліктілігі ғана емес, сыртқы келбеті де назарға алынған. Полиция департаментінде қызметкерлердің оң имиджін қалыптастыру тұрғысында тыңғылықты жұмыстар атқарылуда. Бұған қоса, кезекті өтетін аттестация бар. Бұл сынақтан сүрінбей өткендер ғана халыққа қызмет етеді деген сөз. 

— Әңгімеңізге рақмет! 

Сұхбаттасқан Исламбек Дастан

Тегтер: АСХАТ АЛМЕТОВСАРЫСУ ПОЛИЦИЯ
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

08.05.2025
Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

08.05.2025
Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

08.05.2025
Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

08.05.2025
Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

08.05.2025
Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

08.05.2025
Қазақстанда қосымша пойыздар қосылады

Қазақстанда қосымша пойыздар қосылады

08.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты