Жамбыл облысында дін саласында жоғары білімі бар 76 азамат қызмет атқаруда. Қала мен аудандар деңгейінде Меркі және Байзақ аудандарын қоспағанда (теолог маманның жұмыс орнын ауыстыруына байланысты) дінтанушы, теолог мамандармен толығымен қамтамасыз етілген деп хабарлайды Turaninfo.kz ақпараттық агенттігі.
Дін саласындағы мамандардың жұмыс істеу барысында «Талдамалық интернет карта» бағдарламасы арқылы әлеуметтік желілердегі деструктивті діни топтардан 6301 облыс тұрғыны шығарылған.
— «Кибербақылау» бағдарламасы арқылы интернет желілерінде 2891 күдікті парақша анықталып, сараптамаға жолданылды; — Интернет желілерінде діни радикалды идеологияларға қарсы насихат жұмыстары интернет сайттар, әлеуметтік желілер және блогерлік топтардың көмегімен жүргізілуде. Бұл бағытта «Контр» бағдарламасы қолданылуда.
— Арнайы «Студия» арқылы «Әулие-Ата» діни танымдық бағдарламасының 11 шығарылымы түсіріліп, ютуб видеохостингінде орналастырылған.
— Газет редакциялары мен телеарналарда жұмыс атқаратын 18 тілшіден тұратын журналисттер пулы құрылып, БАҚ беттерінде дін саласында материалдар үнемі жарияланған — Теолог мамандар мен мешіт имамдарынан (22 адам) құралған арнайы топ құрылып, ҚАЖД мекемелерінде сотталушы азаматтар арасында қоғамға бейімдеу жұмыстарын жүргізіп,биылғы жылы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 4 сотталушы қоғамға бейімделген.
— ДДА өкілдері арасында жүргізілген оңалту жұмыстарының нәтижесінде биылғы жылы деструктивті діни бағыттағы 69 азамат қоғамға бейімделген.
— Деструктивті діни контенттерді әлеуметтік желілерде таратқаны үшін 10 азаматтың аккаунты анықталып, оның 6-ына ҚР АҚДМ-мен теріс қорытынды берілді. Аталған аккаунт иелеріне әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін облыстық полиция департаментіне ақпарат жолданылған.
Діни қызмет саласында құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында құқық қорғау органдарымен бірлескен рейдтік және зерделеу шаралары тұрақты өткізілуде. Нәтижесінде, заңсыз миссионерлік дерек бойынша 1 әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, сауда орталықтары мен дәмханаларда 4 заңсыз намазханалар анықталып, ескертулер берілген.
АҚПАРАТ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫМЕН ТАПСЫРЫСЫМЕН ДАЙЫНДАЛДЫ
Жатқанбай Әділет