• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Т. Дүйсенова Атырау облысының тұрғындарына халықты әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтты

19.07.2022
0
Т. Дүйсенова Атырау облысының тұрғындарына халықты әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтты
192
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Атырау облысына жұмыс сапары барысында ҮЕҰ және ардагерлер ұйымдарының өкілдерімен, әйелдермен, оның ішінде көпбалалы аналармен және зейнеткерлермен кездесу өткізді. ЕХӘҚМ басшысы балалы отбасыларды және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтып, сондай-ақ әзірленіп жатқан Әлеуметтік кодексте қазақстандықтарды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жақсартудың жаңа тәсілдері туралы хабардар етті.

Кездесу барысында министр тәуелсіздік жылдары Қазақстанда азаматтарды әлеуметтік қолдаудың кешенді жүйесі құрылғанын, оның ішінде мемлекеттік жәрдемақылар, әлеуметтік төлемдер, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар мен өмірдің барлық кезеңдерінде салық салу кезіндегі жеңілдіктерді қамтитынын атап өтті.

«2021 жылы мемлекеттік бюджеттен 4,9 млн азаматқа зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді төлеуге шамамен 4 трлн теңге бөлінді. Бұл бүкіл ел бюджетінің төрттен бір бөлігін құрады.

2021 жылы Атырау облысы бойынша зейнетақы мен жәрдемақы алушылар саны 193,5 мың адамды немесе облыс халқының жалпы санының 29,3 %-ын құрап, төлемдердің жалпы сомасы 125,6 млрд теңгені құрады.

Зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері жыл сайын артып келеді. Биыл 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері 5% — ға, ынтымақты зейнетақы 7% — ға индекстелді. 1 сәуірден бастап инфляция дәлізін қайта қарауға байланысты барлық зейнетақылар мен жәрдемақылар қосымша 4%-ға индекстелді», – деді Тамара Дүйсенова.

Министр мемлекет балалы отбасыларды әлеуметтік қолдауға ерекше назар аударатынын атап өтті, оған бюджеттен төленетін жәрдемақылардың 5 түрі және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдердің 2 түрі кіреді. Биыл бұл мақсаттарға 38,3 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13% — ға артық.

Министрдің айтуынша, қабылданып жатқан әлеуметтік қолдау шаралары елдегі демографиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді. 2020 және 2021 жылдары республикада тәуелсіздік жылдарынан бері бала туудың ең жоғары көрсеткіштері белгіленді (2020 жылы – 426,8 мың бала, 2021 жылы – 446,8 мың бала). Бұл ретте отбасында үшінші, төртінші, бесінші және одан да көп баланың туылуы бойынша оң үрдіс байқалады.

Тамара Дүйсенова арнайы әлеуметтік қызметтер жүйесі және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Мүгедектігі бар адамдарды техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету қазір Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады. Порталда мүгедектігі бар адамдар оңалтудың техникалық құралдарын (бұдан әрі – ОТҚ), санаторлық-курорттық емдеу, жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының қызметтерін және оларды жеткізушілерді өз бетінше таңдай алады.

Жыл басынан бері Атырау облысының тұрғындары Портал арқылы 11 мыңнан астам оңалту шараларын (ОТҚ және қызметтер) алды.

«Әлеуметтік қызметтер порталын іске қосу: оңалту құралдары мен қызметтерімен қамтамасыз ету уақытын 8 айдан 2 аптаға дейін қысқартуға; мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін қызметтер мен ОТҚ таңдауды өнім берушіден жеке қажеттіліктерін, сапасын, беделін және басқа пайдаланушылардың пікірлерін ескере отырып, тікелей ұсынуға; мүгедектігі бар адамдардың қай жерде орналасқанына қарамастан, оңалту құралдары мен қызметтерін таңдауына мүмкіндік беру, мысалы, санаторийді ауруына байланысты басқа аймақтан таңдауға болады.

Алайда, оңалту құралдарының сапасына, жеткізушілер ұстанатын баға саясатына қатысты мәселелер әлі де бар. Сондықтан бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады», – деді Тамара Дүйсенова.

Министр сондай-ақ кездесуге қатысушыларды Қазақстанның барлық өңірінде мүгедектікті сырттай белгілеу пилоттық режимде енгізілгені туралы хабардар етті.

«Мүгедектікті сырттай белгілеу тетігі бүкіл процесті түбегейлі өзгертеді және куәландырылатын адамның тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымға ғана жүгінуін көздейді. Денсаулық жағдайы туралы ақпарат және азаматтың тыныс-тіршілігінің бұзылу дәрежесі туралы дәрігерлердің қорытындылары медициналық ақпараттық жүйелер арқылы Еңбек министрлігінің орталықтандырылған деректер базасына түседі. Сол жерден, жеке деректерді көрсетпей, ақпарат бұрынғыдай тұрғылықты жері бойынша емес, үш аймақтың тиісті сараптамалық комиссияларына автоматты түрде жіберіледі. Олардың қорытындылары негізінде объективті шешім шығарылады. Бұдан әрі мүгедектік, ОТҚ және оңалту қызметтері бойынша жәрдемақы проактивті түрде, яғни азаматтың түрлі инстанцияларға жүгінуін қажет етпей тағайындалады», – деді түсіндірді Тамара Дүйсенова. Министр 2021 жылы Атырау облысында 9,8 мың адам куәландырылғанын, оның ішінде 2,1 мың адам алғаш рет куәландырылғанын атап өтті.

Кездесу барысында министр қазақстандықтарды зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды. Оның айтуынша, бүгінгі таңда республикада 2,2 млн зейнеткер бар, оның 62,3 мыңы Атырау облысында тіркелген.

Былтырмен салыстырғанда биыл ынтымақты зейнетақы мөлшерінің өсуі 11% — ды, базалық зейнетақының өсуі – 9% — ды құрады. Осы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша базалық зейнетақыны есепке алғанда республика бойынша зейнетақының орташа мөлшері 117,5 мың теңгені, Атырау облысында – 116,2 мың теңгені құрады.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Биыл 6 айда электросамокаттардың қатысуымен 78 жол апаты тіркелді

Екі жас скутер айдап мүгедек болып қалды

24.05.2025
Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

Алматы қаласының әкімі тағайындалды

24.05.2025
Таразда 4 мыңнан астам бала спорт секцияларына қол жеткізді  

Таразда 4 мыңнан астам бала спорт секцияларына қол жеткізді  

23.05.2025
Өңірлік колледждерде инвестициялық жобаларға сапалы кадрлар дайындалмақ

Өңірлік колледждерде инвестициялық жобаларға сапалы кадрлар дайындалмақ

23.05.2025
Елімізде ресми түрде шомылуға рұқсат етілген 698 орын бар

Елімізде ресми түрде шомылуға рұқсат етілген 698 орын бар

23.05.2025
Алматы тау кластері Орталық Азиядағы жыл бойы жұмыс істейтін ең ірі туристік жобаға айналады

Алматы тау кластері Орталық Азиядағы жыл бойы жұмыс істейтін ең ірі туристік жобаға айналады

23.05.2025
Талдықорғаннан солтүстікке қарай 12 км қашықтықта жер сілкінді

Талдықорғаннан солтүстікке қарай 12 км қашықтықта жер сілкінді

23.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты