• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ибрахим Раиси БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді

20.06.2022
0
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ибрахим Раиси БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
101
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Иран Ислам Республикасы, Тегеран қаласы

Қазақстан мен Иран президенттері шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді.

Мемлекет басшысы, ең алдымен, Иран Ислам Республикасына ресми сапармен келуге шақырған Президент Ибрахим Раиси мен дәстүрлі қонақжайлығын көрсетіп жатқан иран халқына шынайы ризашылығын білдірді.

– Иран – ежелгі өркениет ошағы. Сондай-ақ Қазақстанның ислам әлеміндегі маңызды серіктесінің бірі. Әйгілі Фирдоуси өзінің «Шахнамасында» Иран мен Тұранның Ұлы Жібек жолындағы  тағдырлас елдер екенін атап өткен. Қазақтың ұлы ақыны Абай Сағдидің, Жәми мен Румидің шығармаларын жақсы білген. Шығыс мәдениетіне терең бойлаған. Мұның бәрі байланысымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқанын көрсетеді. Біз осы ынтымақтастықты одан әрі дамыта түсуіміз керек. Біз – Каспий жағасындағы тату көршілерміз. Тарихымыз тамырлас, салт-дәстүріміз бен мәдениетіміз ұқсас. Ашаршылық жылдарында талай қандасымыз Иран жерін паналаған. Оларды құшақ жая қарсы алған иран жұртына алғысымыз шексіз. Оны ешқашан ұмытпаймыз, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазір қарым-қатынасымыздың стратегиялық серіктестік рухында дамып келе жатқанына тоқталып, Президент Ибрахим Раисидің өзара ықпалдастықты жаңа деңгейге көтеруге зор үлес қосып отырғанын атап өтті.

– Мен екі елдің ынтымақтастығын жоғары бағалаймын. Ең бастысы, біз әрқашан бір-бірімізге тілеулеспіз. Қазақстан мен Иранның дипломатиялық қатынас орнатқанына биыл 30 жыл толды. Осы уақытта ынтымағымыз нығайып, достығымыз артты. Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз жандана түсті. Жаһандық және өңірлік құрылымдар аясындағы ықпалдастық қарқынды дамып келеді. Біз бүгін ауқымды келіссөз жүргіздік. Маңызды мәселелерді талқыладық, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті елдеріміздің көлік-транзит әлеуетін толық пайдалануға екі жақ та мүдделі екенін атап өтіп, Оңтүстік пен Солтүстікті, Шығыс пен Батысты жалғайтын тасымал дәлізі маңызды рөл атқаратынын айтты.

– Бір апта бұрын Қазақстаннан шыққан жүк пойызын бүгін осында қарсы алдық. Енді ол Түркияға бет алады. Күрделі геосаяси ахуал кезінде бұл  айрықша маңызды. Біз транзит, ауыл шаруашылығы және өндіріс саласы бойынша келіссөз жүргіздік. Бұл қазақ-иран байланыстарын одан ары жандандыруға ықпал етеді. Қол жеткізген уағдаластықтар ықпалдастығымызды нығайта түседі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің пікірінше, талқыланған барлық мәселе бойынша өзара түсіністік бар. Сонымен қатар біздің көзқарасымыздың бір, мүддеміздің ортақ екенін айтты. Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік мәселелер жөнінде пікір алмасып, халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастықты нығайтуға уағдаласты. Қазақстан мен Иран өңірде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге баса мән береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты екіжақты қарым-қатынастың басым бағытының бірі ретінде бағалады. Алайда, геосаяси ахуал және экономикалық шектеулер әлеуетімізді толық пайдалануға мүмкіндік бермей отырғанына тоқталды.

– Дегенмен, өзара алыс-беріс биылғы бірінші тоқсанда 50 пайызға артты. Ендігі мақсат – тауар айналымының қарқынын еселей түсу. Оған қолайлы жағдай жасау керек. Иран компаниялары Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында табысты жұмыс істеп жатыр. Олар өнімдерін шет мемлекеттерге де шығарып жүр. Бірлескен үкіметаралық комиссия екіжақты экономикалық байланысты нығайтуға зор септігін тигізері анық. Біз бірлескен сауда палаталарын құруды жоспарлап отырмыз. Қазақстан Иран елінің азаматтары үшін 14 күндік визасыз режим енгізді, – деді Президент.

Келіссөздер кезінде мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға баса мән берілгені, бүгінгі уағдаластықтар соның айқын көрінісі екені айтылды.

– Менің бүгінгі сапарым екі ел арасындағы қатынасқа тың серпін береді деп ойлаймын. Қазақстан барлық міндеттемесін толық орындап, маңызды жобаларды бірлесе іске асыруға дайын. Осы орайда, біздің елде жоғары деңгейдегі кездесу өткізу қажет деп санаймын. Сондықтан Ибрахим Раиси мырзаны Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырдым. Біз бір-бірімізге әрдайым қолдау көрсетіп, табысқа бірге жетеміз деп сенемін. Екі елдің достығы мәңгі болсын! – деп сөзін аяқтады Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде Иран Ислам Республикасының Президенті дипломатиялық достық орнағанына 30 жыл болғанымен, екі ел мүмкіндіктерін толық пайдалана алмай отырғанын жеткізді.

– Қазақстан Президентінің бүгінгі ресми сапары аясында жүргізілген келіссөздер мен қол қойылған құжаттар екі ел үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынына сенемін. Біз өзара тауар айналымын 3 миллиард долларға дейін жеткізуіміз керек. Біздің оған әлеуетіміз жетеді. Әсіресе, ауыл шаруашылығы, көлік-транзит салаларындағы мүмкіндіктеріміз мол. Сондықтан бүгінгі келіссөздердің нәтижесі елдеріміз арасындағы тығыз ынтымақтастықтың берік іргетасы болып қаланатынына сенімдімін, – деді Ибрахим Раиси.

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Мемлекеттік қызмет – сабырлылықты және адалдықты талап ететін абыройлы міндет — әкім

Мемлекеттік қызмет – сабырлылықты және адалдықты талап ететін абыройлы міндет — әкім

23.06.2025
Бектенов: Қазақстан ЕҚДБ-мен әріптестікті тереңдетуге дайын

Бектенов: Қазақстан ЕҚДБ-мен әріптестікті тереңдетуге дайын

23.06.2025
Астанада бокстан Әлем кубогы өтеді

Астанада бокстан Әлем кубогы өтеді

23.06.2025
Сенаторлар жаңа Салық кодексіне түзетулер енгізуді ұсынды

Сенаторлар жаңа Салық кодексіне түзетулер енгізуді ұсынды

23.06.2025
Мемлекет басшысы Люксембургтің Ұлы Герцогін құттықтады

Мемлекет басшысы Люксембургтің Ұлы Герцогін құттықтады

23.06.2025
Косметолог алматылықтармен тері күтімінің қыр-сырымен бөлісті

Косметолог алматылықтармен тері күтімінің қыр-сырымен бөлісті

23.06.2025
Қырғызстанда бір сағат ішінде екі жер сілкінісі тіркелді

Абай облысында жер сілкінісі болды

23.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты